Ұлттық қауіпсіздік комитеті күнімен құттықтау

Ұлттық қауіпсіздік комитеті күнімен құттықтау
Фото: tengrinews.kz

Бүгін 13 шілде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті күні. Елімізде 1992 жылдан бері атап өтіліп келе жатқан мерекенің тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы зор.

Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, тұлға мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысын, мемлекет егемендігін, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық және елдің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ететін органдары жұмыс істейтін біз бақытты халықпыз.

Түнгі ұйқымыздың тыныштығын қамтамасыз ететін бүгінгі заманның батырларын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, ҰҚК-нің облыстар бойынша, республикалық маңыздағы қала мен елордадағы аймақтық органдары, оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери контрбарлау, ҰҚК-нің «Барлау» қызметі, ҰҚК-нің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге де ұйымдарға еңбектерінің жемісін көрсін деген тілегіміз бар.

Дендері сау болып, елге деген сүйіспеншілігінің арқасында қызметіне адал болып, отбасы аман болғай деп тілейміз. Еліміз бейбіт, тыныштығымыз мәңгілік болсын.

@. @assel_assanova