Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери шендер

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери шендер
Фото: massaget.kz

Әскери шен — Қарулы Күштер қатарында қызмет етушілерге әскери мамандығына, қызмет бабына, сіңірген еңбегіне, әскери және арнайы дайындығына, әскери қызмет түрлеріне орай беріледі. ҚР Қарулы Күштерінің әскери шені Қазақстан Республикасының “Жалпыға ортақ әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” (1993 жылы 19 қаңтар және 1995 жылы 14 қараша) заңына сәйкес төмендегідей болып бөлінеді:

Сарбаздар құрамы:

Қатардағы жауынгер
Ефрейтор

Сержанттар құрамы:

Кіші сержант
Сержант
Аға сержант

Аға сержанттар құрамы:

Үшінші сыныпты сержант
Екінші сыныпты сержант
Бірінші сыныпты сержант

Кіші офицерлер құрамы:

Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан

Аға офицерлер құрамы:

Майор
Подполковник
Полковник

Жоғары офицерлер құрамы:

Генерал-майор
Генерал-лейтенант
Генерал-полковник

Армия генералы

- Медициналық немесе заңгер мамандығы бар офицерлер үшiн әскери атақтарының алдына тиiсiнше «медицина қызметiнiң», «әдiлет» деген сөздер қосылады.

-  Авиацияның жоғары офицерлер құрамы үшiн (инженерлiк-авиациялық даярлығы бар ұшқыштық инженерлiк) әскери атақтарының алдына тиісінше «авиация» деген сөз қосылады. 

- Запаста тұратын азаматтардың әскери атақтарының алдына тиісінше «запастағы» деген сөз, ал отставкадағыларға «отставкадағы» деген сөз қосылады.

О. Сансызбай