1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан "сыр шертетін" сирек суреттер

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан "сыр шертетін" сирек суреттер

"Желтоқсан оқиғасы" – қазақ халқының тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Ал одан бергі аралықта еліміз Тәуелсіздік алып, шаңырағын биікке көтерді. Көптеген деректердің көздері ашылып, бұл оқиға түрліше айтылды. КСРО кезінде көтерілісті қаладағы бұзақылардың әрекеті ретінде көрсетуге тырысты, кейінірек көтерілісті "қазақ ұлтшылдығының көрінісі" ретінде таныды.

1991 жылы КСРО құлағанан кейін, көтеріліске қатысқандардың көпшілігі ақталып, жаңа деректердің көзі ашылды. Желтоқсан оқиғасы салған жараның тоңы жібігенмен, орны қалып қойды. Биыл сол бір қанды оқиғаға 32 жыл толып отыр. Назарларыңызға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан "сыр шертетін" сирек суреттер топтамасын ұсынамыз. 

Н. Үсенова