Алматы тұрғыны көлік ретінде түйе мініп жүр

Алматы тұрғыны көлік ретінде түйе мініп жүр

Алматы тұрғыны Азамат Ахмет көлік ретінде түйе мініп жүр, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Ол түйені тек мініп қана қоймай, онымен ақша да тауып жүр. Қаржаубай деп өзі атаған түйені бес жыл бұрын оған сыйлық ретінде келген.

Азамат түйеге мінгісі келгендерді бір айналымын 500 теңгеге серуендетіп жүр. Түйеге айына 30 мың теңге жұмсалады. "Халық бізді жақсы қабылдайды. Келіп суретке түсіп жатады. Мен күн сайын түйені таңертең тарап, оның тамақтануын қадағалаймын", - деді Ахмет. Оның айтуынша, олар жол-көлік қозғалысына кедергі жасамайды.

сурет: tn.kz

Н. Айдархан