• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ең жоғарғы жалақыны Қазақстанда кімдер алады?

Ең жоғарғы жалақыны Қазақстанда кімдер алады?

2014 жылдың желтоқсан айының көрсеткішіне сәйкес еліміздегі ең жоғарғы және ең төменгі жалақы мөлшері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі іскерлік ақпарат орталығы Kapital.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Ең жоғарғы жалақыны кен өнеркәсібі жұмысшылары алады екен. Олардың жалақысы 341,4 мың теңгені құрайды. Бұл республикалық орташа деңгейдегі жалақыдан 2 есе жоғары. Екінші орын қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлеріне тиесілі. Олардың айлық жалақысы - 329,1 мың теңге. Орташа жалақыдан 2,1 есе жоғары. Мамандар кәсіпке, ғылымға, техникаға байланысты салалармен айналысу арқылы айына 308,3 мың теңге жалақы алады екен. Аталған жалақы орташа жалақыдан 2 есе жоғары.

Ал ауыл, орман және балық шаруашылығымен айналысатын адамдар айына 75,8 мың теңге айлық алады. Олардың жалақысы орташа көрсеткіштен 51% төмен.

Ең жоғарғы жалақы аймақтық көрсеткіштерге сәйкес Маңғыстау облысының қызметкерлеріне тиесілі. Республикалық көрсеткіштен 2 есе жоғары жалақы 317,9 мың теңгені құрайды. Ал Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары айына 90,9 мың теңге алады. Бұл көрсеткіш орташа деңгейден 41,2%-ға төмен.

Мемлекеттік стандартқа сәйкес орташа жалақыны есептеу кезінде жұмысшыға берілетін сыйақы және салық ретінде алынатын ақша ескерілді.

Сурет:kapital.kz 

Қ. Бүйенбай
Logotype Massaget