2014 жылғы «Халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің "Жалынды интернет-басылым" атты номинациясын Massaget.kz сайты жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалым Байтұқ байқау нәтижесінің желтоқсан айында белгілі болатынын бұған дейін айтқан еді.
Өткен жылы бір аталымда жүз шақты үміткер болған еді. Биыл байқау шарттары өзгерген. Бұл жолы әр аталымда он үміткерден ғана болды. Байқаудың екінші кезеңі 15 қазанда аяқталып, әр номинациядан төрт үміткерден іріктелген.
Байқаудың "Киноиндустрия беделдісі", "Озық мемлекет қайраткері", "Жалынды интернет-басылым", "Батыл публицист", "Тапқыр тележурналист", "Көріпкел саясаттанушы", "Fashion-жұлдыз", "Жанкешті қоғам қайраткері", "Қажымайтын депутат", "Блогосфера көшбасшысы", "Асыраушы фермер", "Респект-спортшы", "Тамаша емші", "Табысты бизнесмен", "Өжет жүрек", "Пысық қаржыгер", "Жемқорлықтың жауы" аталымдары бар. Сонымен бірге, "Даму және жетістік", "Жыл меценаты", "Алтын дәуір" атты үш ерекше номинация бар.
Биыл "Жалынды интернет-басылым" атты аталымда Matritca.kz, Massaget.kz, Baq.kz, Bnews.kz, 365.info, Radiotochka.kz, Ratel.kz, Forbes.kz, Zakon.kz және Sayasat.org сайттары жарысқа түсті.
Сурет: Massaget.kz