- Негізгі бет
- Салт-дәстүр
- Төрт түлікті түгендесек...
Төрт түлікті түгендесек
Әлемде төрт түлікке ең жақын халық – қазақ жұрты. Мінсе - көлігі, ішсе - сусыны, жесе - тамағы, кисе – киімі, тұтынса - бұйымы. Қазақ халқы төрт түлік малды жас мөлшері мен тұр-тұлғасына қарап қалай атағанын көрелік.
Үйір – жылқы тобы.
Келе – түйе тобы.
Табын –сиыр тобы.
Отар – қой мен ешкі тобы.
Мал патшасы – жылқы
Қамбар ата – жылқының пірі, иесі әрі киесі.
Құлын, құлыншақ – жылқы төлі.
Жабағы – бір жылға дейінгі төл.
Тай – екі жастағы жылқы.
Құнан – үш жастағы жылқы.
Құнажын –үш жастағы ұрғашысы.
Дөнен – төрт жастағы еркегі.
Бесті – бес жасар еркек жылқы.
Айғыр – аталық жылқы.
Сәурік – жас айғыр.
Бие – аналық жылқы.
Қулық – алғаш құлындаған бие.
Қысырақ –үйірге алғаш қосылған жас мал.
Ана бие – көп құлындаған бие.
Бедеу – құлындамайтын жылқы.
Ат – ақталған, кестірілген, еркек жылқы, мініс ат. Мініс ат жалпы жылқы тегіне қарай тұлпар, сәйгүлік, дүлдүл, наз беудеу, қазан ат, арғымақ, қазан ат, жабы деп бөлінеді. Қасиетіне қарай аяңшыл, жорға жүйрік, т.б. деп аталады.
Түйе – түлік төресі
Ойсылқара – түйе пірі, иесі, киесі.
Бота, ботақан, көшек – түйе төлі.
Бүлдіршін – екі жасар ұрғашы түйе.
Тайлақ – екі-үш жасар еркегі.
Бұзбаша – үш жасар ұрғашы түйе.
Буырлыш – төрт-бес жасар ұрғашысы.
Буыршын – төрт-бес жасар еркегі.
Бура – аталық түйе.
Інген – аналық түйе.
Атан – ақталған, кестірілген түйе.
Көрт, көйін – түйенің жаман түрлері.
Көс-көс –түйені шақыру.
Түйе малы тұқымы мен қасиетіне қарай нар, жамбоз, қоспақ, арақоспақ, мырзақоспақ, кердері, қылағай, қалбағай, бекпатша, құлпатша, желмая, аруана, біртуған, маз, үлек, айыр болып бөлінеді.
Сиыр атаулары
Зеңгі баба – сиыр пірі, иесі, киесі.
Бұзау – сиыр төлі.
Баспақ – алты айға дейінгі төл.
Арда торпақ – бір жылдық төл.
Тайынша – жастан асқан еркегі.
Тана – жастан асқан ұрғашысы.
Қашар – екі жасар ұрғашысы.
Дөнежін – төрт жасар ұрғашысы.
Өгіз – кестірілген мал. Бұлар жасына қарай өгізше, құнан, өгіз, атан, т.б. болып аталды.
Бұқа – аталық.
Сиыр – аналық.
Сауын сиыр – сауылып жүрген сиыр.
Саулы сиыр – бұзаусыз сауылатын сиыр.
Бұқаша, бұқашық – жас бұқалар.
Қашақ – жиі қашатын, яғни бұқаға тоқтамайтын сиыр.
Аухау –аухау – сиыр шақыру.
Қой атаулары
Шопан ата – қойдың пірі, иесі, икесі.
Қозы, қошақан – қойдың жас төлі.
Көрпеш – есейген қозы.
Көбеген – төл басы, ерте туған қозы.
Көпей – кеш туған қозы.
Марқа - қозының марқайған кезі.
Бағлан – семіз марқа.
Тоқты – жасы алты айдан асқан.
Тұсақ – жастан асқан ұрғашысы.
Ісек – тарттырылған, кестірілген қой.
Құнан той – үш жастағы қой.
Дөнен қой – төрт жастағы қой.
Азбан – тарттырылған қошқар.
Қошқар – аталық.
Саулық – аналық қой.
Ақауыз қой – әбден семірген бойдақ қой.
Пұшайт-пұшайт – қойды шақыру.
Ешкі атаулары
Шекшек ата – ешкінің пірі, иесі, киесі.
Лақ – төлі.
Бөрте – алты айлық төл.
Шікіраз – жасқа толған еркегі.
Туша – жасқа толған ұрғашысы.
Шыбыш – екі жастағы ұрғашысы.
Ешкі – аналық.
Сергештік – жасқа толған еркегі.
Теке – аталық.
Шөре-шөре – ешкіні шақыру.
Сурет:widefon.com
Оқи отырыңыз:
Қазақтың қандай салт-дәстүрлері қазір өз күшінде?
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары
Н. Нұрмаханұлы