- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Шәкен Бөкетейұлының қыстырма...
Шәкен Бөкетейұлының қыстырма суреттері
Қыстырма сурет – әдеби кітаптың мазмұнын тіптен аша түсер айшықтардың бірі. Шәкен Бөкетайұлы – суретшілік талантымен, ақындығымен, журналистикадағы қарымымен көзге түскен дарын иесі. Бүгінде Қытайдағы қазақтар жиі қоныс тепкен Құмыл деп аталатын аймақтың әдеби-көркем «Құмыл алқабы» журналында қызмет атқаратын сегіз қырлы, бір сырлы азаматтың суреттерін назарларыңызға ұсынамыз. Бұл – жазушы Серік Қауымбайұлының «Тумыс пен жазмыш» деп аталатын кітабына салынған қыстырма суреттер.
Қыстырма суреттердің өзі бір әңгіме, бір хикаят, бір романның жүгін көтеріп тұрғандай. Әр суретте әрқилы тағдыр, әрқилы оқиға, өзгеше көзқарас жатады.
Сурет әдеби шығарманың желісі бойынша салынған.
Сурет қазақ ұғымындағы "Жеті қазынаның" бірі иттің иесіне адалдығы мен жылқы малының естілігі жайлы сыр шертеді.
Қоғамның басты құраушысы - отбасы. Қазақтың әр шаңырағында сыртқа айтылмайтын, "жабулы қазан" күйінде қала беретін мәселелер көп. Бұл сурет те үнсіз сыр шертіп тұр.
Қара жер - теңіз сияқты. Адамдар онда да малтығып, тұншығып, "жағаға" қарай тырмысып жатады. Тал қармаған өмірдің бір беті ретінде бейнеленген қазақ тұрмысы.
Қала - адам өмірін жарқын тұрмысқа, мол игілікке бөлеумен бірге оның мистикалық жағы да басым. Себебі, мұнда мыңдаған, миллиондаған тағдырлар тоғысып жатыр.
Бала болмысы өзінше бір әлем, өзінше бір құпия. Жасөспірімнің көз алдынан өткен оқиғалары мәңгі-бақи көңілден өшпей, көкірегінде қалып қояды. Шығармада бейнеленген әр кейіпкердің бір-бір үзік сәттері.
Махаббат пен өшпенділік қай-қай заманда болмасын толас тауып көрген жоқ. Бірі қуанып қосылса, бірі қайғырып жылайды, енді біреулері жаға жыртысып жатады...
Қазақ түсінігінде иттің ұлуы жаман ырым. Ит ұлыса жамандық болады дейді. Бұл иллюстрацияда да қақ жарылған қоғамның бір көрінісі...
Көшпелі өмірдегі дәстүр мен жаңашылдық тайласы бейнеленген сурет.
Екі адамның басындағы сезімнің құйыны бастықпаса, ушықса, жүректегі өрмек қыса түссе оның ақыры өліммен ғана аяқталады демекші ме?! Әлде...
Бөрінің шабуылына ұшыраған шопан жайлы шығармаға салынған қыстырма сурет.
Бүгінгі қоғамның ащы шындығы. Қонақасыдан мас күйінде шығып, көлік тізгініне отырып, соңы үлкен қайғымен аяқталған әңгімеге салынған қыстырма сурет.
Сурет: elares.net
M. Auelkhan