Қазақстан өрт-сөндіру құтқару спорты бойынша алғаш рет әлем біріншілігін өткізуде

Қазақстан өрт-сөндіру құтқару спорты бойынша алғаш рет әлем біріншілігін өткізуде

Әлемдік біріншілікке 15 елдің 300-ден астам спортшысы қатысатын болады. Чемпионат иелері екі ер командасы мен тарихта бірінші рет әйелдер командасын ұсынды. Алматыға Ресей, Германия, Польша, Чехия, Украина, Оңтүстік Корея, Түркия және тағы басқа ТМД мемлекеттері қонаққа келді.

2013 жылдың қазан айында Чинджу қаласында (Корея Республикасында) өткен өрт сөндіру-құтқару спортының 9-шы әлем біріншілігінде Қазақстан Республикасы эстафетаны өз төрінде қабылдау құқығын алған болатын.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі: «Қазақстан алғаш рет өрт-сөндіру құтқару спорты бойынша әлем біріншілігін өзіне қабылдауда, содан біздер, алматылықтар, бізге берілген мүмкіндікті мақтан тұтамыз. Өрт-сөндіру құтқару спорты – бұл керемет көрініс қана емес, бұл батырлық, өрт сөндіру кәсібін жария ету. Бұл чемпионат Қазақстандағы өрт-сөндіру құтқару спортының дамуына жаңа түрткі береді деген сенімдеміз».

Әлем чемпионаты Алматы қаласы көшелері бойымен атлеттердің шеруімен ашылды. Орталық алаңда өтетін жарыстар бағдарламасында шабуылдық сатымен оқу мұнарасының 4-қабатына көтерілу, 100 метрлік кедергілі жолдан өту, 4x100 метр эстафетасы мен жауынгерлік жазу бар.

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: promvest.info

Н. Нұрмаханұлы