Қызылорда – Қазақстанның бұрынғы астанасы

Қызылорда – Қазақстанның бұрынғы астанасы

Ақмешіт (1818 жылы), Перовск (1853 жылы), қайтадан Ақмешіт (1922 жылы), Қызылорда (1925 жылы) сынды бірнеше атауға ие болған Қызылорда қаласы талай тұлғаны құшағында тәрбиеледі. Тарихи деректерді ескерсек, Сыр бойы өлкесінің ең маңызды қалаларының бірі болған. Жалпы көлемі 2 400 00 шақырым километрді құрайды.


Ең алғаш 1818 жылы Сыр бойына қорған салдырып, оны Ақмешіт деп атаған. Артынша 1853 жылы Орынбор генерал-губернаторы В. А. Перовский орыс әскерімен қамалға басып кіреді. Осыдан кейін қала Перовск аталып, көп ұзамай сол аймақтың орталығына айналады.


Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.

1922-1925 жылдары қайтадан алғашқы атауын иемденіп, 1925-1929 жылдары еліміздің астанасы болып сайланды.


1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқ киім, күріш зауыттары іске қосылып, көлемі ұлғая түседі.

1980-1990 жылдары Абай даңғылы, Желтоқсан сынды көшелердің бойына жаңа ғимараттар салына бастайды. Құтты мекен Қорқыт, Жалаңтөс, Жанқожа батыр, Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев секілді даңқты тұлғаларды дүниеге әкеліп, жүйрік желімен жарыстырған.


Қызылорда Қазақстан астанасы болып жарияланғаннан бері елімізде үлкен өзгеріс болды. Және ең бастысы ол өзгерістердің жақсы арнаға қарай бағытталуда. Дәл қазір бұл статусынан айырылса да, экономикалық маңызы бар қалалардың қатарына кіруде.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: dmk.kz, kazsports.kz, yvision.kz 

Қ. Бүйенбай