Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақстандағы ерекше ескерткіштер

Қазақстандағы ерекше ескерткіштер

Қазақстандағы ерекше ескерткіштер

Бүгін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи мекендер күні. Осыған орай Қазақстандағы белгілі тұлғаларға қойылған ескерткіштер мен атты ескерткіштерден өзге, айтулы оқиғалар мен тарихи оқиғаларға, мекен атауына немесе кинофильм кейіпкерлеріне қойылған ерекше ескерткіштер жайлы жазбақпыз.

Қайғылы тарихи оқиғаларға орнатылған ескерткіштер

Павлодар қаласындағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына орнатылған ескерткіш. Ескерткіште анасының өліміне зар жылаған бала бейнеленген. Ескерткіш Павлодардан шыға берісте, ескі мұсылман зиратының жанында орналасқан. Бір кездері дәл сол жерден жаппай жерленген ашаршылық құрбандарының мәйіті табылған болатын.

Астана қаласындағы Ашаршылық құрбандарына орнатылған тағы бір ескерткіш

Қайтыс болған шахтерлерге орнатылған Қарағандыдағы ескерткіш. Ескерткіштің негізін жарылыстан қақ жарылған террикон құрайды. Барельефтің бірінде бетін көмір басып қалған шахтер бейнеленген. Қызыл стелла - от, қуат, сонымен қатар үрей белгісі. Композицияның ішкі жағында ақ мәрмәр текше - қайтыс болғандардың ақ жаны дегенді білдіреді. Ал бергі жағында тізесіне баласын құшақтап, қайғырған ана бейнеленген. Баланың басында шахтерлік каска. Ананың бір бөлігі ғана қоладан жасалған, жарты бөлігі қайтыс болған туысымен бірге кетті дегенге саяды.

2010 жылы Қызылағаш ауылында су қоймасының жарылуынан болған су тасқыны салдарынан 40 адам, оның ішінде 12 бала қаза тауып, ауылды түгелімен су шайып кетті. Осы қайғылы оқиғаға орай орнатылған ескерткіш.

Петропавлда "Ядролық қару құрбандарына" орнатылған ескерткіш бар.

Қазақтан тарихындағы Отан қорғаушыларына, ержүрек батырларына Астана қаласындағы "Отан Ана" монументі орнатылған.

Махаббат кейіпкерлеріне арналған ескерткіштер

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған ескерткіш бар. Ескерткіш «Жастар» саябағында орналасқан. Мүсінді орнату үшін демеушілердің қолдауымен саябақ толық жөнделіп, абаттандыру жасалған.

Махаббат символына айналған "Қыз Жібек пен Төлегенге" арналған ескерткіш Тараз қаласында орналасқан.

Астана қаласындағы қоладан жасалған қос ғашықтың мүсіні мәңгілік махаббат символын сипаттайды.

Сонымен қатар Астана қаласының ғашықтар саябағында "Алтын жүрек" мүсіні бейнеленген.

2005 жылы Англияда "Болашақ" бағдарламасымен оқитын қос ғашық Болат Карентаев пен Айнұр Сүлейманова ұшақпен Қазақстанға қайтып келе жатады. Ақтауды бағыттаған ұшақ Бакуден ұша бергенде Каспий теңізіне құлап, апат болады. Су астынан қос ғашықтың бір-бірін қатты құшақтап жатқан мәйіті табылады. Екеуі бір белбеуді қапсыра байлап алған екен. Осы тебірентерлік оқиғаға орай және ғашықтардың символы ретінде марқұм Болаттың туып-өскен жері Тараз қаласында ескерткіш орнатылған.

Көңіл көтеруге бағытталған ескерткіштер

Кеңес Одағында түсірілген "Сәттілік джентельмендері" фильміндегі "Хочу в Джамбул, там тепло, там моя мама" деген цитатасына орай бұрынғы Жамбыл қазіргі Тараз қаласында осы фильмнің үш кейіпкеріне ескерткіш орнатылған.

Ақтөбе қаласында "Қан мен тер" трилогиясының кейіпкерлеріне арналған ескерткіш бар.

"Где-Где? В Караганде!" қанатты сөзіне Қарағанды қаласында ескерткіш орнатылған. Ескерткіш Қарағандының геодезиялық тұрғыда дәл ортасы деп белгіленген жерде орналасқан.

Жұмысшыларға арналған ескерткіштер

Қарағандының басты табыс көзі көмір шахтасы екені рас. Шахтерлердің құрметіне орай ескерткіш те орнатылған.

Жаңаөзен қаласындағы мұнайшыларға арналған ескерткіш

Теміртаудағы металлургтерге арналған ескерткіш

Ғарышты бағындырғандардың құрметіне ескерткіш. Қарағанды қаласы

Суретші қыз мүсіні. Астана

Тағы басқа ерекше ескерткіштер

Астана қаласында сақ ханшайымы Томирис алып бұқаның үстінде бейнеленген "Жер ана" атты монумент бар. Бұқаның мүйізі жеті метрге жуық.

Халықтар достастығын бейнелейтін Астана қаласындағы монумент.

Төрт жағында төрт пырақ бейнеленген "Астана жұлдызы" стеласы

Аңыз бойынша Қостанай қаласының атауы Тана есімді екі қыздың есіміне орай қойылған. Ол туралы мына жерден оқи аласыздар. Осы екі қыздың құрметіне қалада ескерткіш орнатылған.

Астана қаласының вокзалында орналасқан "Бата" мүсіні. Тәңіршілдік символдарынан құралған мүсін жолаушыларға ақ жол тілеу ниетімен жасалған.

Әлбетте, бұл материалда Қазақстандағы барлық ерекше және қызықты мүсіндер мен ескерткіштерді қамти алмадық. Дегенмен, біраз мағлұмат бере алдық деген ойдамыз. Өз қалаларыңыз бен ауыл-аймақтарыңыздағы ерекше ескерткіштер жайлы блогта жаза аласыздар.

Сурет: bnews.kz, akimat-pvl.gov.kz, panoramio.com, ikitap.kz, ekaraganda.kz, troniks.kz, www.panoramio.com, astanainfo.net

Автор: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 18 сәуір 2014, 15:35
Пікірлер
+0
18 сәуір 2014, 15:11

тамаша екен, айтып жүргенге жақсы болды ғой

+0
18 сәуір 2014, 15:51

ғашықтарға арналғандар ұнады, төртеуі де көз тартады :evil:

+0
18 сәуір 2014, 16:21

Керемет!!!!

+0
19 сәуір 2014, 12:04

Керемет, көбін білмеппін!

+0
06 маусым 2014, 14:45

мықты
:evil:

+0
06 маусым 2014, 16:47

Тамаша туындылар :o

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.