Жылдың ең қысқа күні

Жылдың ең қысқа күні

Кеше ел тұрғындары жылдың ең қысқа күнін өткерді. Себебі, жыл сайын қыстың тоқырау күні желтоқсанның 21-і мен 22-і аралығына келеді.

Күннің қысқы тоқырауы – күндізгі уақыттың жылдық қыс­қаруы аяқта­латын күн. Ол – Жер­­дің өз осінен айналуы ба­ры­сында Күнге көріну мүм­кіндігінің мей­лінше азаюы. Хал­қымыз мұны «қыс ортасы», «ең қысқа күн», «қыстың алғашқы күні» деп те атаған. Бұл кезде Солтүстік жар­ты шарда астро­номиялық қыс басталып, Сол­түстік полюс қалың қараңғылық құшағында қалады. Күннің қыс­қы тоқы­рауынан соң күн­нің бір­тіндеп ұзаруы бас­талады.

Атаулы күнге байланысты бірнеше наным-сенімдер қалыптасқан. Мәселен, Ежелгі Қытайда осы уақыттан бастап табиғаттың «еркектік күші» көтеріледі және жаңа кезең басталады деп есептелген. Сондықтан қыстағы күннің тоқырауы ең бақытты күн және тойлауға лайықты мейрам деп саналады.

Айта кетейік, жылмен өлшенетін уақыт Жердің Күнді бір айналып шығатын уақыт аралығы – Жыл деп аталады. Астрономияда мынандай Жыл есептері қабылданған:

1. Жұлдыздық жыл.
2. Тропиктік жыл.
3. Аномалистикалық жыл.
4. Күнтізбелік жыл.
5. Ай жылы.

Астрономияда жыл мезгілінің ұзақтығы бірдей емес. Көктем 92,8 күн, жаз 93,6 күн, күз 89,8 күн, қыс 89 күн (кібісе жылдары 90). 21 наурыз – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда жазғытұрғы теңелу күні (Ол Оңтүстік жарты шарда күзгі теңелу күні), 23 қыркүйек – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда күзгі (Оңт. Жарты шарда- жазғытұрғы) теңелу күні, Солтүстік жарты шар үшін 22 маусым – жазғы тоқырау күні, 22 желтоқсан – қысқы тоқырау күні.