Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Елбасының кітаптары

Елбасының кітаптары

Елбасының кітаптары

Бүгін - Тұңғыш Президент күні. Аталмыш мерекеге орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітаптарына қысқаша тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз.

Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары:

«Қазақстан жолы» – Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді. (Жібек Жолы, 2012)

«Тарих тағылымдары және қазіргі заман» - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің бес жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасалған баяндама. (Қазақстан, 1997)

«Жүз жылға татитын он жыл» - Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. (Атамұра, 2001)

«Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. 10 жыл» - Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы. (Елорда, 2005)

«Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» - Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, бір сәттік жеке бастың материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтып соның салдарынан өоғамдық азғындау басталады. Бүгінде әркімге біздің қозғалысымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты тұжырымдамасы, міне, соңдықтан да қажет. (Дәуір, 1992)

«Сындарлы он жыл» - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. (Атамұра, 2003)

«Тарих толқынында» - Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады. (Атамұра, 1999)

«Тәуелсіздік белестері» - Қадірлі халайық! Мeн сіздeргe, Қазақстан халқына, қoғамымыздың бoлашағы мeн мeмлeкeтіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жoлдап oтырмын. Мeн Сіздeргe oсынау бoлашаққа қoл жeткізіп, өз мұратымызды іскe асыруға жәрдeмдeсe алады-ау дeгeн сeнім ұялататын стратeгияны ұсынғым кeлeді. (Жібек Жолы, 2012)

«Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітабы оның «Постиндустриялық қоғамды қалыптастыру стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» атты алдыңғы басылымында бастау алған қоғамның постиндустриялық даму мәселелерін ғылыми зерттеуінің жалғасы болып табылады. (Жібек Жолы, 2012)

«Ғасырлар тоғысында» - Бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес-сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін қамтығанымен, мемуар жанрына жатпайды. Егер бізге салса, бұл шығарманың жанрын «болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды сияқты. Әрине, бір-біріне көпе-көрінеу кереғар ұғымдардан тұратын бұл сөз тізбегіне біз атымен басқаша мағына беріп отырмыз. Адамдар, әдетте, өткеннің мәніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп түсінеді. Біз оқырмандарымыздың мәселенің байыбына басқаша тұрғыдан зер салғанын қалар едік. Өйткені сөз болатын гәптер белгілі бір нақты кезеңде, сол кезеңнің ағымдағы саясатының арнасында, белгілі бір ретпен жүзеге асқандығы даусыз. Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу. (Атамұра, 2003)

«Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар» - Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама, Ақмола, 1997 жылғы 6 маусым. (Қазақстан, 1999)

Елбасымыздың бұдан басқа «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары», «Қалың елім, қазағым», «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар», «Тәуелсіздігіміздің бас жылы», «Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы - жаңарған Қазақстанға», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Әділеттің ақ жолы» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген.

Мәліметтер e-history.kz, akorda.kz сайтынан алынды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: personal.akorda.kz

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 01 желтоқсан 2013, 16:00
Пікірлер
+0
01 желтоқсан 2013, 22:09

құттықтаймын!!!

+0
02 желтоқсан 2013, 01:54

басты қызметімен бірге кітап жазатын адамдарға қалай шаршамайды деп таң қалам, біз сияқты уақыттарын босқа кетірмейтін шығар..!

+0
02 желтоқсан 2013, 09:53

Ай, інім-ау, логика қайда?

+0
02 желтоқсан 2013, 10:29

Күшті....

+0
03 желтоқсан 2013, 12:13

Оқығым келедi бәрiн!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.