Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент Күні. Елімізде осы мереке қарсаңында көптеген ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары науқан алып жатқаны белгілі. Бұл мерекеге байланысты «Біздің Елбасымыз – біздің мақтанышымыз» атты тәрбие сағаты болып өтті. Ұйымдастырушы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы Шакирова Динара. Бұл да өз кезегінде бұл мерекенің аталып өтілу машығы мен үрдісіне, ерекшелігіне айналмақ.

Әлем тәжірибесінде Президент күндері бар. Мәселен, АҚШ-та ақпан айының үшінші дүйсенбісі (22-ақпан) – Президент күні. Бұл АҚШ мемлекетін біртұтас бір мемлекетке құрай білген Д. Вашингтоннің туған күніне сәйкес. Ал біздің еліміздің бұл мерекесі «Тұңғыш Президент Күні» деп аталады және Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда президент болып сайланған уақыты, яғни, 1 желтоқсан Президент күні ретінде шкала қойылған. Бұл мереке барысында Назарбаев оқулары халықаралық форумы өткізіледі. Білім беру ордаларында әртүрлі ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылады. Халыққа әртүрлі әлеуметтік сыйақылар-жәрдемақылар беріледі.

Н. Ә. Назарбаев экономика ғылымдарының докторы; Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі; Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры; Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі; М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; Ресейдің Ұлттық қолданбалы ғылымдар академиясының құрметті мүшесі; Ислам ғылым академиясының құрметті мүшесі; Кембридж университетінің құрметгі профессоры; Корей университетінің құрметті докторы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы; «Нұр Отан» партиясының төрағасы;  Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Әлемнің ең мықты 5 саясаткерінің бірі аталған Н. Ә. Назарбаев әлемге аты белгілі үздік саясаткер де! Ядролық қаруға қарсы позициясы, Қазақстанның ЕҚЫҰ мен Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, Дәстүрлі діндердің съезін өткізуі – Н. Назарбаевтің әлем аренасындағы саяси тұлғасын айқындап берді.

Жолдаған: Слямбек Қымбат

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: жеке мұрағаттан

Ш. Талап