Алматы күні: Горький саябағындағы серуен

Алматы күні: Горький саябағындағы серуен

Ару қаламыздың ең көрікті орындарының біріне айналған М.Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағындағы шағын серуеніміз Алматының кезекті шуақты күніне тап келді.

Қол ұстасқан ғашықтар, жүздері жайнаған ана мен бала, көңілді ортадан қуаныш тапқан ата мен әже... Саябақтың негізгі қонақтары осылар екен.

Құны 70 теңге тұратын билетті қалтамызға салып, қақпадан енгенде анадан мынаған дейін төселіп жатқан гүл-кілемді көріп, таң-тамаша қалдық.

Саябақтың төрінен орын алған М.Горький біздерге "Қош келдіңдер!" деп, серуенге шақырып тұрғандай болды.

Бөбектерін қыдыртуға келген қамқор әкеден бізбен суретке түсуін өтіндік.

Айтпақшы, саябаққа жолыңыз түсе қалса, сізді балаларға арналған мультфильмдердің қаһармандары қарсы алатын болады.

Саяхат барысындағы суреттерді ұсынбас бұрын Алматы қаласының орталық саябағы туралы аз-кем мәліметтерді беріп өткеніміз жөн болар.

Аумағы 42 гектарды құрайтын (1983 жылдары 100 га болған) Орталық саябақ Медеу ауданында, Гоголь көшесінде орналасқан.

1856 жылы салынған саябақ алғашқыда «Казённый сад» деп аталды. Саябақта 2000-нан астам өсімдіктер мен жасыл желектер өседі. Қолдан жасалған су қоймалары (су аттракциондары, қайық станциялары), «Родина» кинотеатры, «Спартак» стадионы, велотрек, спорт кешендері, хайуанаттар бағы, мәдени іс-шараларды өткізетін алаңдар бар. 16 ірі аттракциондар жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері саябаққа келетін адамдардың саны 100 мыңға жетеді екен.

Он саусағынан май тамған қылқалам шеберлері сіздің суретіңізді айнытпай салғанда, аузыңызға айтар сөз түспей қалады. Оған біздің көзіміз жетті.

Отбасы мүшелеріне арналған негізгі аттракциондармен таныс болыңыз. Бұл әткеншектер еңбектеген баланы да, еңкейген қартты да құшағына шақырады.

"Үрей сарайына" міндетті түрде бас сұғу керек.

"Родина" кинотеатрына кіріп көруге мүмкіндігіміз болмады.

Орталық демалыс саябағында ауқымды жерді алып жатқан 8 төбешігі мен мықты су құрылысы бар аквапарк бар. Жүзу бассейнінің тереңдігі – 2 метр. Балаларға арналған бассейн тереңдігі – 50-90 см. Сондай-ақ, аквапарк аймағынан дәмді тағамдар даярланатын шағын дәмханаларды кездестіруге болады. Ересектер үшін жұмыс күндерінде аквапаркке кіру бағасы – 3500 теңге, демалыс күндері – 4000 теңге.

Саябақтаға мына бір жануарларға сүйсінумен болдық.

Саябақтағы ең сұлу, жанға ең жайлы жер – саябақ ішін жарып өтетін Кіші Алматы өзені. Өзен айналасында серуендеп, алаңсыз демалуға, қайықтарға мініп, серуен құруға болады.

Өзен жағасының ұнағандығы соншалықты, кеткіміз келмей ұзақ уақыт аялдап қалдық.

М.Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында мәдени іс-шаралар өткізелетін арнайы алаңдар да бар.

Алдағы жексенбіге келетін Қала күнінде мұнда талай қызықтардың болатындығына сенімдіміз. Саябаққа қарай асығыңыз, ағайын!

Дайындаған және суретке түсірген: Айгерім Сматуллаева

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

42 500 теңгені алудың қағидалары
42 500 теңгені алудың қағидалары
АҚШ компаниясы шөлді ауадан ауыз су алуды жоспарлап отыр
АҚШ компаниясы шөлді ауадан ауыз су алуды жоспарлап отыр
Атақты стадион COVID-19 құрбандарына арналған ескерткіш кешенге айналады
Атақты стадион COVID-19 құрбандарына арналған ескерткіш кешенге айналады
Ғалымдар ғасыр соңына қарай әлем халқының саны азаятынын болжады
Ғалымдар ғасыр соңына қарай әлем халқының саны азаятынын болжады
Қазақ балуаны 8 жылдан кейін Олимпиада медалін алды
Қазақ балуаны 8 жылдан кейін Олимпиада медалін алды
Жасөспірімдердің өзіне деген сенімін арттыру жолдары. i-balaqai жобасында − Мадина Билялова
Жасөспірімдердің өзіне деген сенімін арттыру жолдары. i-balaqai жобасында − Мадина Билялова