Қазақстанның ең биік ғимараттары

Қазақстанның ең биік ғимараттары

Қазақстанның ең биік ғимараттарының тізіміне 100 метрден биік ғимараттар кіреді.

1. «Абу-Даби Плаза" – әр түрлі биіктіктегі бірнеше үйден тұратын, көп қызметті кешен. Құрылыс жұмыстары 2010 жылдың қараша айында басталып, 2016 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда. «Абу-Даби Плаза" тек Қазақстанда емес, онымен қатар «Орталық Азиядағы» ең биік ғимарат атанады. 88 қабаттан тұратын ғимараттың шыңы 382 метр биіктікте орналасатын болады. Жалпы аумағы 510 мың шаршы метрді қамтып, жобаның құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Болашақта кешеннің ішінен қонақ үй, кеңселер, пәтерлер, сауда орталығы, қысқы бақ бой көтереді. 

2. «Меруертті мекен» - әр түрлі биіктіктегі көп қабатты үйлерден құралған кешен (37, 40, 53 қабат). Арасындағы ең биігі 210 метрге жуықтайды.
Ғимарат ассиметриялылығымен ерекшеленеді: 32-қабаттан бастап аумағы кеңейе түседі. Соңғы қабаттың аумағы алғашқы бірінші қабаттан 15 метрге артық. Ал кешеннің аумағы – 280 000 шаршы метр. Жоба құны – 350 миллион доллар.

3. «Солтүстүк сәуле» атты тұрғын үй кешені Астанада 2008 жылы салынған. Кешен 34, 39, 44 қабаттан құралған тұрғын үйлерден тұрады.  «Хай-тек» стилінде жасалған тұрғын үй кешенінің биіктігі 180 метр. 

4. «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ бас кеңсесінің ғимараты - Қазақстанның биік доминанттарының бірі. Заманауи үлгіде жасалған зәулім үй Астананың мақтанышына айналды. Және Қазақстандағы ең биік ғимарат. Биіктігі – 175 метр.

5. «Есентай Тауэр» - Әл-Фараби даңғылында орналасқан Алматы қаласының ең биік ғимараты. 36 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі – 168 метр.

6. "TRANSPORT TOWER" (көлік және коммуникация ғимараты) ғимаратының биіктігі 155 метрге жетеді.

7. «Хан Шатыр» - Астанада орналасқан сауда және ойын-сауық кешені. 2010 жылдың 6 шілдесінде ашылған. Ерекше құрылыстың төбесі 150 метрлік мөлдір шатырмен жабылған. Қолданылған материалдардың химиялық құрамының арқасында сырттағы ауа райына қарамастан, іштегі микроклимат үнемі бірқалыпты.

Хан Шатырдың жалпы аумағы - 127 000 шаршы метр. Ішінде супермаркет, отбасылық бақ, дәмханалар мен мейрамханалар, кинотеатр, жаттығу залы, жасанды жағалау, кеңселер, 700 орынға арналған паркинг орналасқан. Оның басты артықшылығы – төрт мезгіл бойы температурасы +35 градус болып тұратын жасанды жағажайында. Жасанды жағажайдың құмы арнайы Мальдив аралдарынан әкелінген. Құрылыстың жобасын архитектор Норман Фостер жасаған.

8. «Гранд Алатау» кешені Астанада 2009 жылы салынды. Оның терезесінен Есіл өзенін, Бәйтеректі, президент резиденциясын, парламент ғимаратын емін- еркін тамашалауға болады. Кешеннің өзі бір платформада біріккен төрт ғимараттан тұрады. Олар 20, 28, 38, 43 қабаттан тұратын тұрғын үйлер. 43 қабатты ғимарттың биіктігі – 144 метр.

9. "Астана салтанаты" – Астанада 100 000 шаршы метрді алып орналасқан тұрғын үй кешені. Астананың қақ ортасында орналасқан бұл ғимарат 39 қабаттан тұрады. Биіктігі – 144 метр. 

10. «Капитал» - 29 қабаттан тұратын, 218 пәтері бар тұрғын үй кешені. Биіктігі 100 метрді құрайды.

11. Тізіміміздегі ең ескі ғимарат 1974 жылы салынған «Қазақстан» қонақ үйі. 26 қабаттан тұратын қонақ үйдің биіктігі 102 метр. Құрылысты жүргізген архитекторлар тобы - Ю. Ратушный, Л. Ухоботов, А. Деев, Н. Матвиец, А. Татыгулов, М. Абдульдинова, В. Краснянский – 1980 жылы Ш.Уалиханов атындағы ҚазССР мемлекеттік марапатына ие болған.

12. «Алматы Тауэрс» (бастапқы атауы – «Рахат Тауэрс») - Алматыдағы көп атқарымдық бизнес кешені. Ғимарат кеңсе және ойын-сауық орталығы ретінде пайдалану үшін бес жұлдызды қонақ үй «Хаятт Ридженсидің» (бастапқы аты - "Rahat Palace") жалғасы болып салынған. 25 этаждан тұратын мұнаралардың биіктігі 100 метр. Басты ерекшелігі – түнде жақсы көрінетін көмескі жарығы.

13. Парламент мәжілісінің ғимараты Астананың сол жақ жағалауында орналасқан. Оны Түркияның «Ахсель Иншаат» компаниясы салды. Төрт блоктан тұратын кешеннің жалпы аумағы 26 800 шаршы метрді құрайды. Мәжіліс ғимараты ел басының резиденциясының жанында орналасқан. 22 қабаттан тұратын ғимарат 100 метр биіктікті құрайды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: nur.kz

Қ. Бүйенбай