Алматыдағы алма фестивалі

Алматыдағы алма фестивалі

Күллі әлемге алманың атасы деген атпен танылған сүйікті қаламыздың қуанышты күні де таяп келеді. Алматы күнін атап өту үшін жыл сайынғы дәстүр бойынша түрлі іс-шаралар өткізілу жоспарланып отыр. Соның бірі – алма фестивалі. Іс-шараға байланысты дайындық жұмыстары басталып та кетті. Ұйымдастырушыларлың айтуынша, биылғы жылғы алма мерекесіне оңтүстік астана тұрғындары мен қала қонақтарын қоса есептгенде 300 мыңннан астам адам келеді екен.

Қыркүйек айының он бесінші жұлдызына келетін Қала күніндегі фестиваль "Apple Fest" деп аталады. Қала әкімшілігі мерекелік іс шаралар бір айдан астам уақытқа жалғасады. Оркестрлер шеруі 20 тамыздан басталса, іс-шаралар "Бастау – қыркүйектің соңында" атты студенттер кинофестивалімен аяқаталады.


Алма фестивалі бұрын-соңды ескі және жаңа алаңдарда өткізіліп жүрген болса, биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында өтетін болады. Фестиваль саябақтың 73 гектарын толықтай алып жатыр. Ұйымдастырушылар алаңды бес бірдей секторға бөледі:  Apple art, Apple music, “Apple драйв”, “Apple базар” және бөбектерге арналған “шағын Apple”.

сондай-ақ, Қала күніне арналған думанды іс-шаралардың бірі 13 қыркүйек күні Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында өтеді. Дәстүрге айналып үлгерген "Алматым жүрегімде" конкурсының жаңалықтары көп. Алматы туралы жаңа әндер байқауына 18-30 жас аралығындағы жас өнерпаздар қатыса алады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын басты талап – олар оңтүстік астан туралы ешбір жерден орындалмаған әндерді алып шығуы қажет. Композиция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындала береді. Өтініштер 6 қыркүйекке дейін қабылданады.

Қонақтар мен қала тұрғындарына арналған тағы бір тосын сый – Алматының нышандық бейнесі Алма Ата атты ақ сақалды қарияның пайда болуы. Оның рөлін кімнің сомдайтындығы әлі де белгісіз болып отыр.

Алматының құшағында асыр салып, алмасын армансыз жегіңіз келсе, Алма фестивалін қалт жібермеңіз!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com