Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / EXPO логотипін бірге таңдайық

EXPO логотипін бірге таңдайық

EXPO логотипін бірге таңдайық

2017 жылы болатын EXPO көрмесі бүкіл ел үшін маңызды шара болмақ. Сондықтан оның логотипін де бірге таңдайық! 9-22 шілде арасында өтіп жатқан онлайн дауыс беру арқылы "Болашақ энергиясы" көрмесінің мағынасын барынша ашатын белгіні таңдаңыз. Ұйымдастырушылар қандай нұсқалар ұсыныпты?                        

Жасыл энергия                                                               

Бұл логотип EXPO 2017-нің мағынасын ашып, Қазақстанның "жасыл технологияларды" таңдайтынын көрсетеді. Келешекте дәл осы сурет "Болашақ энергиясы" мен Астана және Қазақстанды әлемге таныстыратын белгі болуы мүмкін.                          

Жаңа өмір, өсу, өркендеуді білдіретін бүршік атылған бұтақтар бейнесі бір жағынан энергетиканы, екінші жағынан оның "жасыл" болатындығын білдіреді. Логотип бәрінің бастамасы Астана қаласы екенін көрсетеді.        

Логотиптің тағы да бір мағынасы заманауи қоғамдық желілерді білдіреді екен. Астанадан бастау алатын бұл үлкен желі әлемге жайылып, "Энергетикалық қоғамдық желі" болатынын көрсетеді.                   

Пирамида                                                            

Пирамида – Астанада жиі кездесетін белгі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, пирамида белгісінің құрамында А әрпін көруге болады. Астананың белгілерінің біріне айналған Бейбітшілік пен келісім сарайының пішіні де пирамида.                                   

Жалпы пирамида белгісі білім мен технологияларды білдіреді. Ал осы пирамида орындалған түстер – энергия, табиғат, технологиялар мен білімнің нышаны болмақ.                            

Логотип бірден байқалып, көпшіліктің назарында болады деп жоспарлайды ұйымдастырушылар. Пирамида – болашақ Астананың нышаны болып, оны әлемнің астанасы ете алады.                                                       

EXPO’17                                                                                                 

Осындай атауға ие болған логотиптің құрамында үй, күн, жел, су және жер белгілері бар. Қазақстан туының түстерінде орындалған логотип ерекше көрінеді.                                                

Өзіне табиғат, технологияны біріктіріп, осындай көрмелерге тән динамика мен шығармашылықты білдіреді. Құрамдас элементтерді үйлестіру арқылы ерекше көрінеді.                                                    

Астана – болашақ қаласы                                                         

Қайта қалпына келетін энергия және толассыз өмірлік цикл символы. Шексіздік белгісі. Логотип пішіні Астананың бірінші А әріпіне де ұқсайды. Қарапайым, есте қаларлық белгі. Көгілдір жасыл және алтын түстері табиғат пен технологиялардың үйлесімін білдіреді.           

АСТАНА                                                                     

Астана елтаңбасының суреттері мен Самұрық құсын ортақтастыратын белгі. "А" әрпі ретінде жасалынған логотип жаңашылдық пен дәстүрлілікті біріктірген. Бұл Астананы әлемге мәдениет орталығы және технологиялар ордасы ретінде таныстырады, әрі әлемді қазақ дәстүрлеріне жақындата алады. 

Күн энергиясы                                                                                

Логотип негізінде Қазақстан туындағы жарқыраған күн алынды. Редизайнға ұшыраған күн, көрменің мағынасына жақындатылып қайта жасалынды. Логотип күнді, энергияны, табиғатты білдіреді.                                 

Жел энергиясы

Бұл логотип қалпына келетін энергия – күн, теңіз толқындары, Жердің магнит өрісі мен жел энергиясын білдіреді.                        

"Болашақ энергиясы" көрмесінде бұл белгі жарқын, қанық түстерден орындалады. Қарапайым, оңай символ бір қарағаннан көрменің жалпы ойы мен мағынасын толықтай аша алады.                             

Ал сіз қайсысын таңдайсыз?                                                                      

Дауыс беру мына жерде өтіп жатыр                                                                 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: expo2017astana.com

4737 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 10 шілде 2013, 16:50
Пікірлер
+0
10 шілде 2013, 16:52

Маған жел энергиясы ұнады

+0
10 шілде 2013, 18:08

Ал маған жасыл!

+0
10 шілде 2013, 22:28

жасыл жақсы)

+0
10 шілде 2013, 22:50

«А»

+0
11 шілде 2013, 09:53

жел энергиясыныкы әдемі көрінеді, соған дауыс берем

+0
11 шілде 2013, 21:32

Соңғы тұрғаны Жел энергиясы норм сияқты, тек осылар ма идея шамалы сиякты

+0
13 шілде 2013, 20:25

Жел энергиясы ұнады қысқа ғана сонымен қатар ерекше көрінеді

+0
14 шілде 2013, 20:50

" Жел энергиясы" жақсы екен. Бірақ, EXPO’17 логотипі өте мағыналы.

+0
22 қыркүйек 2013, 11:36

маған жасыл энергия логотипі ұнады. жалпы бәрі жаман емес :D

+0
22 қыркүйек 2013, 11:59

Power wind liked ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...