Жасыл жексенбі: Алматыда ағаш отырғыз!

Жасыл жексенбі: Алматыда ағаш отырғыз!

20 сәуір күні "Интертоп" компаниясы мен PosadiDerevo.kz порталы алматылық тұрғындарды «Мен таза қала үшін» акциясына қатысуға шақырады.

Бұталы ағаштар мен көп жылдық гүлдерді отырғызу Алматыдағы хайуанаттар бағының шекарасында өтеді. Шара сағат 13:00-де басталады. Оған дейін хайуанаттар бағының алдында сағат 12:40-та жиналып біту керек.

Акцияның ұйымдастырушылары қатысушыларды керек-жарақтармен, құрал-саймандармен және қажетті сумен өздері қамтамасыз ететін болады. Хайуанаттар бағына кіру тегін екендігін де айта кетейік.

Акция «Мен таза қала үшін» жобасының аясында қолға алынып отыр. Осы акция арқылы ұйымдастырушылар алматылық тұрғындардың қоршаған ортаға деген аяушылығын арттыруды көздеп отыр. Қаламыздың экологиялық ахуалына бей-жай қарай алмайтын кез келген тұрғынның бұл акцияға ерікті түрде қатысуға мүмкіндігі бар.

Бұл жоба 2008 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Содан бері "Интертоп" компаниясы «Мен таза қала үшін» акциясын ұйымдастырып, талай шараларды өткізіп үлгерді.

Қосымша ақпараттар:

Байланыс телефоны: +7 707 900 6623 (Бахмутова Жанна, "Интертоп"), +7 707 221 91 62 (Дәурен Жолдасбаев, PosadiDerevo.kz) 

Бұл жайында толығырақ білгіңіз келсе, мына сайттарға бас сұғыңыз: www.intertop.kz, www.posadiderevo.kz 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: bigpicture.ru 

А. Әбілхан