Әйгілі Эллен шоуы аяқталды

Әйгілі Эллен шоуы аяқталды
Фото: MICHAEL ROZMAN/WARNER BROS.

The Ellen DeGeneres Show, қысқаша Ellen Show аталып кеткен әйгілі америкалық ТV-шоу 19 жылдан кейін өз жұмысын тоқтатты. Бағдарламада әзілкештер, танымал жұлдыздар, әншілер мен әртістер және халық арасында қызық оқиғасымен есте қалған жандар қонақ болған. 

Әр маусымында 177-ке жуық шығарылымы бар шоудың соңғы нүктесінде Опра, Дженнифер Энистон, Билли Айлиш пен Пинк бұл шоудың осы уақыт аралығында көпке қуаныш сыйлап келгенін айтты. Опра өз кезеңінде өз шоуымен қалай қоштасқаны жайлы, әрі қалай қиын болғанын бөлісті. 

Бұл шоуда, сонымен қатар, бал тілді балақайлар да келетін. Эллен оларға ересектерге қойылған сұрақтарды қойса, қызық әрі күлкілі жауаптар алатын. Сол үшін де сондай шығарылымдарды жақсы көретін. 

Кей шығарылымдарда жұлдыздарды қорқыту, таңғалдыру немесе олардың құпия қабілеттерін ашу үшін қызық эксперименттерден қашпайтын.

Эллен алғашқы эпизодын диванда теледидар қарап отырған жерінен бастаған. Соңында да сол жерден нүкте қойды. 

Г. Берік