Ауғанстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

Ауғанстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

Ауғанстан – әлемдегі көпұлтты мемлекеттердің бірі. Жергілікті халық 30-ға жуық тілде сөйлейді. Сондай-ақ 100-ге тарта диалект бар.

Қазіргі таңда Ауғанстан халқының саны 32 миллионнан асады. Оның 42%-н пуштундар құрайды. Олар елдің оңтүстік-шығысы, оңтүстік және оңтүстік-батысын мекендейді.

Ауғанстанда тәжіктер де көп. Пуштундардан кейін саны көп ұлт. Халық санының 27%-ы осы – тәжіктер. Олардың басым бөлігі Панджшер шатқалы аумағында тұрақтаған.

Пуштун мен тәжіктерден кейін көп ұлттың бірі – хазарлар. Олар халықтың 10%-н құрайды. Өзбектер саны да аз емес. Олардың үлесі – 9%. Сондай-ақ түрікмен, чараймак, нуристандықтардың да саны басым.

Ауғанстанда аз-кем қазақ отбасылары да өмір сүреді. "Талибан" Ауғанстанда билік орнатқаннан кейін ұлты қазақ екенін айтып, Қазақстан үкіметінен елден алып кетуді сұраушылар көбейген. Қазақстан сыртқы істер министрлігі қазір бұл елде 200-дей қазақ барын мәлімдеді.