Жапондардың ұзақ өмір сүруінің сыры неде?

Жапондардың ұзақ өмір сүруінің сыры неде?

Жапония – халықтың өмір сүру ұзақтығы бойынша көшбасшы ел саналады. 2020 жылы елдегі жүз жастан асқан қарттар саны – 80 000-нан асты. Бұл – елдегі әрбір 1500 адамның бірі жүз жастан асқанын білдіреді. Кейінгі 70 жылдағы әлем халқының өмір сүру ұзақтығы артқанын ескерсек, ғалымдар жапондардың көрсеткіші таңғаларлық екенін айтады. Жалпы олардың ұзақ өмір сүруінің сыры неде деп ойлайсыз?

Қазір Жапонияда орташа өмір сүру ұзақтығы 84,2 жасты құрайды, бұл экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) деректері бойынша барлық елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін Қазақстандағы орташа өмір сүру ұзақтығы 10 жылға кем (72,9 жас).

Бірақ 1960 жылы Жапония өмір сүру ұзақтығы бойынша үлкен жетілік елдері арасында соңғы орында болатын (оған Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция және АҚШ кіреді). Елдегі орташа жас көрсеткіші – 67,8 жас еді.

Жапондар не жейді?

Бұл елде "Окинава диетасы" ең пайдалы деп саналады. Окинава – жүздеген шағын аралдары бар Жапонияның оңтүстік префектурасы.

Жапон диетасы негізінен өсімдік тағамдарынан, соя және теңіз өнімдерінен тұрады. Жапондар Батыс елдерінің тұрғындарына қарағанда тұз бен қанты бар сусынды аз тұтынады. Каназава Медицина Университетінің докторы Дайсуке Коя асқазанды 70 пайызға ғана толтыру қажет деп санайды.

Жапондардың ұзақ өмір сүру сыры диета ма?

Жапония адамдарының ұзақ өмір сүруінің сыры шикі балық пен теңіз балдырларын тұтынуда емес. Әлемде жылы мұхиттың бойында орналасқан көптеген ел бар, онда жергілікті тұрғындар таңертеңнен кешке дейін теңіз өнімдерін, жемістер мен көкөністерді жейді. Алайда олардың өмірі жапондардан екі есе қысқа.

Олардың ұзақ өмір сүрудің құпиясы – жапондар өте сыпайы, олар сөйлескен кезде басқа адамды ренжітпеуге тырысады. Әлемде Жапония сияқты басқа позитивті елді табу қиын.

Бұл елді нақты экономикалық ғажайыпқа теңеуге болады, өйткені күріш егетін, қала салатын жері жоқ және табиғи байлығы жоқ. Сөйте тұра әлем экономикасындағы көшбасшы елдер қатарында. Сонымен қатар, олар әлемдегі ең бай халық. Жапонияда орташа жалақы – 3500 доллар.

Шындығында, тұтас бір елдің жетістікке жетуінің құпиясы – жапондар өз ойларын басқаруды бірінші болып үйренуінде, негативті ойлар тек сұхбаттасушының көңіл-күйін ғана емес, оның денсаулығы мен болашағын да бұзатынын тамаша түсінінеді.

Олар тіпті "жоқ" деген сөздің өзін айтпайды.

Әр жапон балаларын мейлі мектепте, мейлі үйде, мейлі жұмыста болсын өз ойын басқара алатындай және өзінің жағымсыз ойларының басқалардың өмірін бұзуына жол бермейтіндей табиғи жолмен тәрбиелейді.

Өйткені олар өзінің ойы балаларының, компанияларының және елдерінің болашағын өсіретін тұқым екенін түсінеді.

Жапондарда қалыптасқан тазалық мәдениеті және жеке гигиена, денсаулық туралы жалпы түсінік маңызды рөл атқарды. Жапон зейнеткерлері көбіне белсенді, сүйікті ісімен айналысады немесе қоғамдық жұмыстар істейді. Осылайша олар өмірінің мәнін сақтап, оны ұзартады.

Қысқаша айтқанда, олар адам өз өмірін өзінің ойы мен құндылықтары арқылы өзгерте алады дегенге сенеді. Жапонияда бұл сенім шындыққа айналған.

Т. Раушанұлы