SpaceX ғарышкерлерді Айға ұшырады

SpaceX ғарышкерлерді Айға ұшырады
Фото: nasa.gov

Илон Масктің SpaceX компаниясы ғарышкерлерді Айға апару туралы NASA конкурстық бағдарламасын жеңді.

Бұл конкурсқа Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безостың Локхид Мартин, Нортроп Грумман және Дрэйпермен күш біріктірген Blue Origin-де келісімшартын ұсынған болатын.

Бірақ нәтижесінде SpaceX-ке 2,89 миллиард долларлық келісімшарт жасалды. Компания Artemis бағдарламасының аясында ғарышкерлерді Айға апару үшін қону модулін жобалайды және салады.

Бағдарламаның бірінші кезеңі 2021 жылға жоспарланған. Оның аясында Space Launch System зымыранына орнатылған "Орион" ғарыш кемесі Айды айналып ұшып, Жерге оралады деп жоспарланған. Екінші кезеңде, 2023 жылы кеме экипажымен бірге Айды айналып өтеді. Ал Айға қону 2024 жылға жоспарланған.

Artemis ғарыш бағдарламасын АҚШ үкіметі қаржыландырады. Оның мақсаттарының бірі – алғашқы әйелді жерсерікке жіберу. NASA бұл бағдарлама Айда тұрақты қоныс құру қадамы болады деп үміттенеді.

Айда аты қалған әйелдер

Ғалымдардың айтуынша, ғарышкерлер бір апта ішінде Айда түрлі үлгілерді жинап, бірқатар ғылыми тәжірибелер жасайды. Содан кейін олар Ай орбитасына оралып, Орион ғарыш кемесінің көмегімен Жерге қайтады.

Бағдарлама барысында роботтар мен ғарышкерлер Айдағы су сияқты ресурстарды іздейді. Содан кейін мұндай қорларды басқа пайдалы қорларға, мысалы, оттегі мен отынға айналдыру үшін зерттеу тәжірибесі жүргізіледі. Жаңа озық технология арқылы ғарышкерлер Айда ұзақ қашықтыққа саяхаттап, үлкен аймақты зерттейді.

Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA), Жапония, Канада, Аустралия, Ұлыбритания және басқа да бірқатар елдер ғарыш бағдарламасына қосылды. Ресей АҚШ-пен бірлескен бағдарламаға қатысудан бас тартты.

Т. Раушанұлы