• 450.77
  • 503.11
  • 4.87

Жаңа жыл: Қай ел қандай ас ішеді?

Жаңа жыл: Қай ел қандай ас ішеді?
Фото: vtambove.ru

Жаңа жыл – әлем елдерінің көбі атап өтетін отбасылық мереке. Оны күтетін, қарсы алуды қалайтындар көп. Мерекенің әлемде танымал болғаны сонша – әр ел оны әртүрлі қарсы алуды әдет қылған. Соған сай дастархан жаю мен тамақ әзірлеуді өзіндік дәстүрге айналдырған.

АҚШ тұрғындары асбұршақ пен бұршақтан дайындалған тағам ішеді. Америка елі асбұршақты ақша шақырушы белгі санайды.

Ал Израильде жаңа жылдық дастарханға тұзды, ащы және қышқыл тағамдарды қоюға болмайды. Еврей халқы жаңа жылда бір-біріне тәтті тілек пен тағам арнағанды құп көреді. Оның орнына балықтан, сойылған қойдың бас сүйегінен ыстық ас әзірлеп, алма мен балдан тәтті тағам, қызылша мен басқа да көкөністерден салат дайындап жейді.

Польша тұрғындары жаңа жыл түні дастархан үстінде 12 түрлі тағам тұруы керек деп ырымдайды. Бірақ оның бір де бірі ет жасалмағанын жөн санайды. Оның орнына балықтың етін қолданады. Сондай-ақ, саңырауқұлақтан сорпа, алмадан орама, арпа мен қара өрікті қосып ботқа дайындап жейді. Немістер де, поляктар да жаңа жыл түні майшабақ жесе, келер жыл сәтті болады деп сенеді.

Ал Австрия, Венгрия мен шығыс славян елдері жаңа жыл түні құс етінен жасалған тамақ жесе, үйге қонған бақыт ұшып кетпейді деп сенетін көрінеді.

Испания, Португалия мен Куба аралындағы елдер жүзімді байлық пен бақ-дәулеттің белгісі санайды. Сондықтан Жаңа жыл түні тықылдаған сағат тіліне қарап, әрбір тықылды санап, 12 дана жүзім жеуі қажет. Әрі жей отырып, тілек тілейді.

Тибет тұрғындары жаңа жылға таяу мол бәліш пісіріп, ел-жұртқа таратады. Барынша көп адамға таратсаң, соншалықты бақытты боласың деп сенеді.

Итальяндар жаңа жылда кең дастархан жаюға тырысады. Ысталған, тұздалған балық етін, трюфель, треска, паннетоне (күлеш нан), жүзім қояды. Бұршақ пен жасымықтан ыстық тағам дайындайды.

Жапондар жаңа жылда теңіз қырыққабатын, асылған балық етін, уылдырық, каштан ағашының жемісін қояды. Бірақ Жапонияда асып-тасып дастархан жаю жоқ. Әркім жеке қалып, тілек тілейді.

Ал Австралия тұрғындары жаңа жылды жылы жерде қарсы алады, сондықтан жағалауда барбекю пісіріп, жасыл өсімдіктерден салат әзірлейді. Құлпынайдан десерт дайындап жеуді ұнатады.

Қ. Слямбек