Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді

14 жастағы қытайлық мектеп оқушысы Рэн Кэю әлемдегі ең ұзын жасөспірім ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. 

Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының сайтында хабарланды. Рэн Кэюдің бойы – 221 сантиметр.

Гиннестің рекордтар кітабы жанындағы комитеттің сарапшылары жасөспірімнің бойын қазан айында бірнеше рет өлшеп, жазбаны ресми тіркеді.

Рен бойының ұзындығы ешқандай аурумен байланысты емес дейді. Мұны бірнеше медициналық тексерулер де растады.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар