Желтоқсанда ортағасырдан бері болмаған астрономиялық оқиға қайталанады

Желтоқсанда ортағасырдан бері болмаған астрономиялық оқиға қайталанады

2020 жылы 21 желтоқсанда Күн батқаннан кейін Юпитер мен Сатурн 800 жылдан кейін алғаш рет бір-біріне минимал қашықтықта жақындайды.

Екі алып планета әр 20 жылда бір-біріне жақындайды. Бірақ олар бір-біріне минимал қашықтықта өте сирек жақындайды. Мұндай құбылыс соңғы рет 1226 жылы 4 наурызда болған. 16-25 желтоқсанда Юпитер мен Сатурн Жерден қарағанда егіз планета сияқты болып көрінеді.

©phys.org

Бұл құбылысты экватордан жақсырақ бақылауға болады. Бірақ ауа-райы ашық болса оны әлемнің кез келген бұрышынан байқауға болады. Планеталар аспанның батысында күн батқаннан кейін бір сағаттан кейін пайда бола бастайды.

Сарапшылар "келесі жолы планеталар бір-біріне 2080 жылы 15 наурызда, содан кейін тек 2400 жылы минимал қашықтықта жақындайды" дейді.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар