Айдың күнгей бетінен су табылды

Айдың күнгей бетінен су табылды
Фото: hi-news.ru

NASA зерттеушілері SOFIA телескобын пайдаланып Айды бақылау кезінде оның күнгей бетінен су іздерін анықтады. 

"Біз Айдың Күнге қараған жағында судың бар екенін SOFIA телескобының деректері арқылы тұңғыш рет растай аламыз. Әзірге біз бұл суды қолдана аламыз ба, жоқ па, білмейміз. Артемида бағдарламасы бойынша (2024 жылы Айға адам қондыру бағдарламасы) зерттеу жүргізу үшін Айдан су іздеу маңызды", - деді агенттік басшысы Джим Брайденштейн.

Бұрын Айдың Күн сәулесі түспейтін жағынандағы кратерлерде мұз бар деп болжанған.

Artemis бағдарламасы аясында NASA 2024 жылы Айға ғарышкерлерді жіберіп, мұз, су қоры болуы мүмкін Оңтүстік полюсте зерттеулер жүргізбекші. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін NASA Space Launch System (SLS) зымыраны мен Орион ғарыш кемесін пайдалануды жоспарлап отыр. Artemis бағдарламасы үш кезеңнен тұрады: бірінші, 2021 жылы ғарышкерлерсіз ғарышқа SLS ұшырылады, содан кейін 2023 жылы ғарышкерлер Айдың айналасында ұшады, 2024 жылы үшінші кезеңде Айға алғаш болып әйел ғарышкер қонып, содан кейін ер ғарышкер барады.

Айта кетейік, 1970 жылдары бұрынғы Кеңес Одағына тиесілі зондта Ай бетіндегі су іздері алғаш рет тіркелген. 1990 жылдары NASA-ның Клементин зонды Айдың полюстеріне жақын жердегі мұз қорын анықтаған. 2018 жылы NASA Айда "су бар" деп жариялады, бірақ оның мөлшері толық анықталмаған.

2018 жылы Жердің табиғи серігінде мұздың болуы туралы деректер NASA аэроғарыш агенттігі әзірлеген минерал картер (Moon3) минералогия Mapper (M3) көмегімен жинақталған және "Чандраян-1" Үнді жасанды серігі арқылы анықталған. Деректерді Браун университеті, Гавайи университеті, Боулдердегі Колорадо университеті, Калифорния университеті, Джон Хопкинс Университеті ғалымдары және Ames Research Center (Nasa) сарапшылары талдады. 

Айдың күн сәулелерінен қорғалған "мұзды тұзақ" деп аталатын кратерлерінде мұз бар екенін ғарышкерлер бұрын да болжаған. Деректер орбиталық айды зерттейтін ғарыш аппараттарынан алынған еді. Осы соңғы нәтиже де соны көрсетті. NASA соңғы дерек бұрынғы болжамның рас екенін айғақтады.

Сарапшылардың пікірінше, болашақта Айға қоныстанушылар бұл мұз қорларын тиімді пайдалану үшін бірнеше зерттеу аппаратын ұшырып, оның қалыңдығы мен көлемін анықтап алуы керек. 

Айдан мұздың табылуы болашақта Айға қоныстанушылар оны ауыз су көзі ретінде пайдаланады дегенді білдірмейді. Бұдан айдың болашақ тұрғындары Күн жүйесін одан әрі "жаулап алу" үшін қолданылатын отын шығара алады, яғни мұзды ерітіп одан сутегі мен оттегі өндіреді.

Т. Раушанұлы