2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды

2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды

Археологтар Перу оңтүстігіндегі Наска үстіртінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде алып мысықтың бейнесін тапты. Геоглифтің (жердегі сурет) ұзындығы – 37 метр, жасы – 2000 жыл.

Тау беткейіне салынған суретте мысықты сол жағымен жатқанын көруге болады. Перу Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, орасан зор сурет бақылау майданын қалпына келтіру жұмыстары кезінде табылған. Геоглиф эрозияға байланысты жоғалып кетуі мүмкін.

Бұл сурет Паракасас дәуіріне жататын суреттердің ішіндегі ең көнесі саналады, олардың көпшілігі біздің дәуірімізге дейінгі 100-200 жылдарға тиесілі.

Айта кетейік, көпшілікке танымал геоглифтер Перудің оңтүстігіндегі Наска үстіртінде орналасқан. Онда 30 шақты сурет, 13 мыңға жуық сызық-жолақтар және 700-дей геометриялық пішіндер бейнеленген. Олардан бөлек, Атакама шөліндегі алып (Чили), Анд шырағданы (Перу), Блайт пішіндері (АҚШ), Уффингтондық ақ ат (Англия) сынды жер бетіне салынған бірқатар суреттер белгілі.

Сондай-ақ, Наска үстіртіндегі геоглифтер ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"