БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы Нобель сыйлығын алды

БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы Нобель сыйлығын алды
Фото: ria.ru

Норвегия Нобель комитеті 2020 жылғы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын Дүниежүзілік Азық-түлік Бағдарламасына (WFP) беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 9 қазан, жұма күні Нобель комитеті хабарлады.

Ұйым бұл марапатты "аштықпен күресудегі қайраты, жанжалды аймақтардағы жағдайды жақсартуға қосқан үлесі, соғыс пен қақтығыстарда қаруды қолданбауға бағытталған күш-жігері үшін" алды.

Айта кетейік, кеше әдебиет бойынша Нобель сыйлығы АҚШ ақыны Луиза Глюкке берілді. Швеция академиясы оның "өмірді өзінің әдемілігімен әмбебап ететін поэтикалық дауысын" жоғары бағалады.

Т. Раушанұлы
Logotype Massaget