Пентагон белгісіз ұшатын нысандарды зерттейтін топ құрады

Пентагон белгісіз ұшатын нысандарды зерттейтін топ құрады
Фото: gazeta.ru

АҚШ Қорғаныс министрлігі аномалды "әуе құбылысын" зерттейді. Пентагон бұл үшін арнайы топ құрады. Бұл туралы CNN Пентагондағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Бұл топ АҚШ әскери ұшқыштары байқаған белгісіз ұшатын нысандарды (БҰН) зерттейді. Жобаны қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Дэвид Норквист басқарады.

Пентагон белгісіз ұшатын нысандар видеосын жариялады (видео)

Пентагон бұл мәліметке әлі түсінік берген жоқ.

АҚШ конгресі шілде айында БҰН-ға туралы алаңдаушылық білдірген. АҚШ үкіметі БҰН-ды адам қолымен жасалынған және оны әлеуетті қарсыластар барлау үшін қолданатынын айтқан.

Маусым айында АҚШ президенті Дональд Трамп БҰН және Розуэлл оқиғасы деп аталатын 1947 жылғы 4 шілдедегі оқиға  материалдарынан құпиялық мөрін алып тастау туралы мәселені қарастыратынын айтқан. 1947 жылы АҚШ әскери-әуе күштері қолданған "Могул" деп аталатын жасырын жоба аясында Нью-Мексикодағы Розуэлл қалашығына әуе шары құлаған. Ол бұрынғы одақ жүргізген ядролық сынақтардан шығатын дыбыстық толқындарды жазу үшін пайдаланылған еді. Бұл оқиғаны БАҚ өкілдері БҰН дегесін, ел арасында түрлі қауесеттер таралған.

Розуэлл оқиғасы мен Сталиннің өзге ғаламшарлықтары

Айта кетейік, 1947 жылдың маусымында Розуэлл қалашығының аты бүкіл әлемге белгілі болды. Қалашықтың маңындағы Мак Брейзелдің фермасына беймәлім (БҰН) ұшатын нысан құлады. Сол кезде-ақ мемлекеттің қауіпсіздік қызметі белгісіз нысанды алып кеткен. Отыз жыл бойы бұл оқиға туралы айтуға тыйым салынды.

Сәуір айының соңында Пентагон АҚШ әскери-теңіз күштерінің БҰН-ға қатысты бейнелер жариялады. Агенттіктің мәліметінше, үш видеоның бірі 2004 жылдың қарашасында, ал екеуі 2015 жылдың қаңтарында түсірілген. 2007 және 2017 жылдары олардың барлығы желіге Пентагонның рұқсатынсыз жарияланған. АҚШ қорғаныс істері департаменті бұл видеолардың Әскери-теңіз күштерінде түсірілгенін растады және түрлі қауесеттердің таралуын болдырмас үшін бейнелерді жариялаған.

Т. Раушанұлы