- Негізгі бет
- Әлемтану
- Мұхиттағы ең үлкен...
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Тынық мұхитындағы пластикалық қалдықтардан пайда болған "арал" өсіп келеді.
"Оның көлемін Франциямен салыстыруға болады", - дейді океанограф Филипп Кусто мен оның жұбайы Ашлан Брок.
"Мұхитта 5 үлкен "қоқыс арал" бар. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен пластик қалдықтар жиналып жатыр. Ірі "қоқыс аралы" Тынық мұхитында орналасқан. Оның көлемі АҚШ-тағы Техас штатынан үлкен және Францияның көлемімен бірдей", - дейді Брок.
Филипп Кусто "қоқыс аралдар" көбіне өзендерден мұхитқа ағатын пластиктен пайда болатынын айтады. Ол EarthEcho халықаралық табиғатты қорғау қорының негізін қалап, жастарды өзендерді пластик қоқыстардан тазартуға жұмылдыру жұмысын атқарады.
Т. Раушанұлы