АҚШ полициясына қылқындыру әдісін қолдануға тыйым салынды

АҚШ полициясына қылқындыру әдісін қолдануға тыйым салынды

Вашингтон полиция департамент афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін полицияның бірқатар реформаларын жариялады.

Жаңа ережелерге сәйкес полиция қызметкерлеріне тұншығу әдісін қолдануға тыйым салынады, өйткені бұл әдістер күдіктілерге тікелей қауіп төндіреді. Сонымен қатар, күдіктінің қайтыс болуына немесе оларға қарсы күш қолданумен байланысты оқиғалардан кейін оқиғаға қатысқан полиция қызметкерлерінің есімдері жария етіліп, олардың дене камераларындағы бейне жазбалар жариялануы қажет. Полицияның қару қолдануы да бірқатар шектеулер қойылды.

Бұған дейін Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио АҚШ-та Флойдтың қазасына қарсы наразылық басталғаннан кейін полиция реформасына уәде берген болатын. Оның айтуынша, полицияға бөлінген қаражаттың бір бөлігін жастармен жұмыс істеуге бағыттау жоспарланған.