Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / COVID-19: Байлар жаппай бункер сатып алып жатыр
COVID-19: Байлар жаппай бункер сатып алып жатыр

Forbes-тің мәліметі бойынша, тек осы жылдың өзінде америкалық Rising S Company компаниясы 150 000 доллар тұратын, толық жабдықталған және ядролық уды сүзуге қабілетті екі бункер сатқан.

Калифорниядағы Vivos компаниясы ресейлік қалталылар арасында бункерге деген сұраныс артқанын мәлімдеген. Олардың айтуынша, пандемия басталғаннан бері бункерлерге деген сұраныс 1000 пайызға артқан.

Ресейде қорғаныс жабдықтарын өндіретін компанияларға тапсырыс саны да өсті. "Спецгеопроект"-тің өкілі Данила Андреевтің айтуынша, сәуір айында бес тапсырыс берілді, компания әдетте айына бір тапсырыс қана алатын.  Негізгі тұтынушылар – Мәскеу, Мәскеу облысы, Санкт-Петербург тұрғындары.

Андреев клиенттерді бункерлерден гөрі қауіпсіздік бөлмелері көбірек қызықтыратынын айтты. Мұндай бөлмелерде герметикалық есіктер мен терезелер, автономды электрмен жабдықтау және байланыс бар. Олар аурудың таралуынан, сондай-ақ жауынгерлік және улы газдардан қорғайды. Жерасты бункерінің құны 10 миллион рубльден басталады, ал қауіпсіздік бөлмесінің бағасы – 3 миллион рубль.

"Бункерстрой" компаниясы да  радиоактивті шаңнан, улы химикаттардан қорғайтын ванна бөлмелері мен кәрізі, байланыс және жылу жүйелерінен тұратын 60 метрлік аумағы бар бункерлерді 7,6 миллион рубльден сатып жатыр.

Дайындаған: Тұрсынбек Раушанұлы
Фото: forbes.ru
Қосылған күні: 20 мамыр, 11:25