El Marco – әлемдегі ең қысқа халықаралық көпір

El Marco – әлемдегі ең қысқа халықаралық көпір

Заманауи көпірлер күрделі технологиямен, әсерлі дизайнмен жасалады. Бірақ көлемі кішкентай, көп қаржы қажет етпейтін халықаралық көпірлер де бар. Мысалы, El Marco. Оған әлемдегі ең қысқа көпір деген статус берілген.

Варзеа-Гранде атты Португалия ауылы мен Эль-Марко Испания ауылының арасында кішкентай бұлақ бар. Ол екі мемлекет шекарасының қызметін атқарады. Ұзындығы – 3,2 метр. Сондықтан оны әлемдегі ең қысқа халықаралық көпір деп атайды.

Екі ауылдың бұрыннан қатар өмір сүріп келе жатқанына қарамастан ХХІ ғасырға дейін екеуінің арасында ресми көпір болмаған. ХХ ғасыр соңына қарай тұрғындар өздері қолдан көпір жасап алған. Тек 2008 жылы Ароншиш (Португалия) муниципалитеті толыққанды El Marco көпірін салады. 3,2 метрлік көпір құрылысына екі ел бірігіп қатысқан. Кейін El Marco Испания мен Португалия арасындағы ынтымақ символына айналды.

Көпірдің ені – 1,45 метр. Сондықтан одан тек жаяу жүргіншілер мен велосипед өте алады. Мұндай көлеміне қарамастан көпірдің халықаралық статусы бар.

Завикон көпірі

Кейде Завикон мен Кіші Завикон аралдарын байланыстыратын 9,8 метрлік көпірді ең қысқа деп қате айтып жатады.

 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ашаршылық тақырыбындағы "Ұлы дала зары" фильмі жарыққа шықты
Ашаршылық тақырыбындағы "Ұлы дала зары" фильмі жарыққа шықты
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды