Жер бетіндегі ең көне жаратылыс иесі

Жер бетіндегі ең көне жаратылыс иесі

Жер бетінде ағаш осыдан 385 миллион жыл бұрын пайда болған. Миллиондаған жылдың куәгеріне айналды. 

Бірде Елбасымыз Ұлытаудың етегінде сұқбат беріп отырып: «Ұлытаудың қайыңдары талай қазақ хандарының билігіне куә ғой», –  дегені бар. Шынымен де, жер бетінің өзге жаратылыс иелеріне қарағанда ағаштардың ғұмыр кешу уақыты әлдеқайда ұзақ, ғасырдан ғасырға жалғасуда. Осы күнге дейін ғалымдарымыз жер шарындағы ағаштардың қайсысы жасы үлкен екендігін, көне екендігін анықтай алмаған еді. 2013 жылға дейін ең ұзақ өмір сүрген ағаш Калифорния тауларындағы Мафусаил есімді қарағай деп есептеліп келді. Оның жасы – 4845 жыл.

Оған дейін одан 300 жас үлкен Промотей есімді қарағай болған екен. Алайда оны бір саяхатшы-студент байқаусызда (алаңғасарлықпен) өртеп жіберген.

Дегенмен ғалымдарымыз одан  кейін 5062 жастағы тағы бір рекордсмен-қарағайды тапқан. Ойлап қарасаңыз, бұл қарт қарағай – адамзаттың жазуды ойлап тапқанынан бері жазылған барлық тарихи оқиғаларды көзбен көрген, былайша айтқанда адамзаттың соңғы 5 мыңжылдық тарихына түгелдей куәгер болған жалғыз жаратылыс иесі. Бұл қарағай АҚШ-тың Калифорния штатында, Ақ таудың етегінде өскен. Есімі - Бристлекон. 

 

Ал Еуропадағы ең көне ағаш – Грециядағы 1075 жастағы Гельдрейх есімді қарағай. Еуропаның ормандары қашанда сырға да, сынға да толы ғой. Континенттің көне ормандарында «Гельдрейх-шалдан» да көргені көп «ақсақалдардың» болуы мүмкін. Дегенмен ғалымдарымыз, әзірше, көсегесі көгерген мұндай көне қарттарымызды кездестіре қоймапты.

Мұндай қарт қарағайлармен салыстырғанда, әлемдегі ең жасы үлкен жануар деп танылған 183 жастағы тасбақа жай ғана жеткіншек болып қалары сөзсіз. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы