Жер көлемі ең үлкен 10 ел

Жер көлемі ең үлкен 10 ел

Математикадағы көбейту кестесі секілді география пәнінен де есте сақталатын деректер бар. Соның бірі – Қазақстанның жер көлемі. Біздің ел нешінші орында? – деп сұрасаң көбіміз мүдіре қоймаспыз. Әлде ұмытып қалдыңыз ба? Еске бір түсіре кетейік.

10. Алжир       

 Солтүстік Африкада орналасқан Алжирдің жер көлемі - 2 381 740 км². Қара құрлықтағы жер аумағы ең үлкен мемлекет.  

 

9. Қазақстан 

 Ұмытып қалған болсаңыз, енді естен шығармастай жаттап алыңыз. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-орын алады.

 Аумағы - 2 724 902 км². Еуразияның орталығында орналасқан.

 Жер көлемінің басым бөлігі Азияға кіреді. Аз ғана аумағы Еуропа шекарасында. Азияда жер аумағы бойынша 4-ші орында.

 

8. Аргентина

 Оңтүстік Америкадағы бұл елдің жер көлемі - 2 766 890 км².

 Антарктида құрлығының белгілі бір бөлігін де Аргентина өз жері деп санайды. Бірақ мемлекеттің жалпы аумағына енбейді. 
 Себебі Антарктида халықаралық ереже бойынша бейтарап аумақ саналады.

 

7. Үндістан

 Оңтүстік Азиядағы бұл елдің жер аумағы - 3 287 263 км². Азия бойынша 3-орында.                                                             


6. Аустралия

 Аустралия құрлығы, Тасман аралдары мен Үнді және Тынық мұхиттарындағы өзге де аралдарды алып жатқан мемлекет.     

 Барлығын қосқанда жер аумағы - 7 692 024 км².

 

5. Бразилия

 Оңтүстік Америка құрлығындағы жер аумағы ең үлкен ел. Жалпы жер көлемі - 8 514 877 км².                                              

                                                      

 

4. АҚШ

 АҚШ-тың жер көлеміне қатысты түрлі деректер бар. Мысалы The World Factbook (CIA) дерегі бойынша - 9 826 675 км².        

 Нәтижесінде әлемде 3-орында деп саналады. Бұл жағалауларды қоса есептегенде.

 Ал Британ энциклопедиясы дерегі бойынша жер көлемі - 9 526 468 км². Осы дерек бойынша әлемде 4-ші орында.

 

3. Қытай

 Гонконг пен Макаоны қоса алғанда Қытайдың жер көлемі 9 598 077 км² аумақты құрайды.                                                  


 

2. Канада

 Солтүстік Америка құрлығындағы жер көлемі ең үлкен мемлекет. Жалпы аумағы - 9 984 670 км².                                        

                                              

 

 

1. Ресей

 Әлемде жер көлемі ең үлкен мемлекет – Ресей федерациясы. Қырымды қоса есептегенде жалпы аумағы - 17 124 442 км². 

 Ресей жері Еуропа және Азияда орналасқан.

 Жер көлемінің 77%-ы - Азияда.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында 2-орын алды
Қазақстандық Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында 2-орын алды
Кешіре білу де ерлік. ER-BATYR жобасында Қанат Бейсекеев
Кешіре білу де ерлік. ER-BATYR жобасында Қанат Бейсекеев
Шымкентте бокстан ерлер және әйелдер арасындағы ел чемпиондары анықталды
Шымкентте бокстан ерлер және әйелдер арасындағы ел чемпиондары анықталды
"Жұлдыздар соғысы" фильмінде Дарт Вейдерді ойнаған актер қайтыс болды
"Жұлдыздар соғысы" фильмінде Дарт Вейдерді ойнаған актер қайтыс болды
Марадонаның үздік 10 голы
Марадонаның үздік 10 голы
Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған "Тұлғасы - тұнған тәлім" атты кездесу өтті
Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған "Тұлғасы - тұнған тәлім" атты кездесу өтті