Люксембургте қоғамдық көлік ақысы тегін болады

Люксембургте қоғамдық көлік ақысы тегін болады

28 наурыздан бастап Нұр-сұлтанда 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ал Еуропадағы шағын Люксембург елі 1 наурыздан бастап бар жолаушыларын тегін таси бастайды. Бұл – мұндай қадамға барған әлемдегі алғашқы ел.

Көктемнің алғашқы күнінен бастап Люксембургте қоғамдық көліктер (теміржол, автобус пен трамвай) қызметі тегін болады. Тек бірінші деңгейлі теміржол билеттері ғана ақылы болып қалады. Жолаушылар тегін жүру үшін өз құжаттарын алып жүрсе болғаны.

Ел билігі қоғамдық көлікте жүруді тегін ету арқылы автокөлік кептелісі мәселесін шешпек. Себебі Люксембург әлемдегі ең үлкен кептеліс мәселесі бар елге жатады. 2016 жылғы зерттеулер қорытындысы бойынша, Люксембург астанасында кептеліс шамамен 33 сағатқа созылған. Бұл осы жерге көрші елдерден жұмыс іздеп келетіндер санының артуымен байланысты. Тұрақты 600 мыңға жуық адам тұрса, Франция, Бельгия мен Германиядан жұмысқа күнделікті 200 мың адам шекара өтіп келеді екен.

Люксембургте жұмысшыларға төленетін еңбекақы да жоғары. 2016 жылғы статистика бойынша ең төменгі жалақы 2190 долларды құраған.

Қоғамдық көліктің тегін болуы үшін ел жылына қосымша 40 миллион еуро шығындайды. Әйткенмен ел басшылығы мұны маңызы жоғары жоба деп бағалап отыр. Себебі тегін жүруді қамтамасыз ету арқылы кептеліс мәселесі ғана шешіліп қоймай, экологиялық тұрғыдан да тиімді болмақ.

Люксембург  герцогтігі — Батыс Еуропадағы  мемлекет. Әкімшілік жағынан 3 округке бөлінеді. Ресми  тілдері — француз, неміс, люксембург  тілдері. Халқының көпшілігі христиан — католиктер. Жоғарғы заң шығарушы органы — парламент (депутаттар палатасы). Ақша бірлігі - евро.

Люксембург — өнеркәсібі дамыған ел. Электроника өндірісі, химия өнеркәсібі, цемент, тоқыма кәсіпорындары бар. Экспортқа химия, металлургия өнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады, сырттан астық, металл, мұнай, көмір, т.б. әкеледі. Мал, егін, жүзім шаруашылығы дамыған. Жыл сайын елге келетін туристер саны да көп.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Зерттеу: Перфекционист ата-аналардың талабы тым жоғары болады
Зерттеу: Перфекционист ата-аналардың талабы тым жоғары болады
Боксшы Бобыржан Момынов: Әр адамның өз әлсіз тұсы бар
Боксшы Бобыржан Момынов: Әр адамның өз әлсіз тұсы бар
Қазақстан чемпионатының ең қымбат футболшылары кім?
Қазақстан чемпионатының ең қымбат футболшылары кім?
Қарапайым экономика: Мемлекеттік қарыз деген не?
Қарапайым экономика: Мемлекеттік қарыз деген не?
Қазақстан: тамыз айында қандай автомобильдер көп сатылды?
Қазақстан: тамыз айында қандай автомобильдер көп сатылды?
Жойылу алдында тұрған тіршілік иелері
Жойылу алдында тұрған тіршілік иелері