Экологтар Аустралиядағы өрттен 1,25 миллиард жануар қырылғанын анықтады

Экологтар Аустралиядағы өрттен 1,25 миллиард жануар қырылғанын анықтады
Фото: Bushfire at Hallidays Point in NSW © Martin Von Stoll

Аустралиядағы 8,4 миллион га жерді шарпыған 1,25 миллиард жануарды қырып жіберген. Бұл туралы Әлемдік тылсым табиғат қорының (WWF) жергілікті бөлімі хабарлады.

Аустралиядағы коала, кенгуру, қалталы ұшар, потору, какаду сынды жануарлар табиғи апат құрбаны болған.

Ғалымдардың айтуынша, ормандардың қайта қалпына келуі үшін бірнеше онжылдық керек. Ал кейбір жануарлар жойылып кету алдында тұр.

Өрт толық біткен соң, жергілікті қор жануарлардың "үйін" қайта қалпына келтіруге, "2030 жылға қарай екі миллиард ағаш өсіру" жоспарына көмектесетінін жеткізді. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget │ Өз таңбаңды қалдыр (@massaget.kz)5 Янв 2020 в 10:49 PST

Еске салайық, былтыр қыркүйек айында Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы орманда басталған өрт салдарынан елде төтенше жағдай орнады. Өрт түтінінен мемлекеттік мекемелер, музейлер жабылып жатыр. 

Өртке шамадан жоғары ауа температурасы себеп болған. Ол биыл рекордтық 42,9°С-ге жетті.

Massaget.kz