Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / АҚШ-та аса ірі қолтырауын қолға түсті

АҚШ-та аса ірі қолтырауын қолға түсті

АҚШ-та аса ірі қолтырауын қолға түсті

АҚШ-тың Джорджия штатындағы аңшылар ұзындығы 4,3 метр, салмағы 378 келі болатын қолтырауынды ұстады. 

Бұл АҚШ аумағында ұсталған ең үлкен қолтырауын. Бұрынғы рекорд 2013 жылы тіркелген еді. Ол кезде аңшылар ұзындығы 4,2 метр қолтырауынды ұстаған. 

Қолтырауынды Меривезер округында тұратын Деррик Снелсон ұстаған. Ол 16 жастағы қызымен бірге кәсіби қолтырауын аулаушылармен бірге аңға шыққан. 

©gon.com

Дерриктің айтуынша, олар үлкен қолтырауынның басын бірден көрген. Бірақ оның басы тұзаққа  ілінуі үшін 5 сағаттан артық күткен. Себебі ол әр 45 минутта су бетіне 10 секундқа ғана басын шығарып отырған. 

Алайда адамзат аулаған қолтырауындардың арасында ең алыбы бұл емес. Аустралияда 2011 жылы ұсталған  Кассиус  Клэй атты қолтырауын бар. Кассуистің ұзындығы 5,48 метр, салмағы 998 келі. Оған  әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің (Кассиус Марселлус Клэйдің) есімі берілген.

Кассиус  Клэйге тамақ беріп жатыр. ©nat-geo.ru

Кассуиске бұл атақ бұрынғы рекордсмен  Lolong қайтыс болуына орай телінген екен. Lolong-тың ұзындығы 6,17 метр, салмағы бір тоннадан астам болған. Сондай-ақ, ол  Crocodylus porosus түрлеріне жатады. Оның өкілдері 100 жылдан астам өмір сүре алады, 7 метрге дейін өседі және салмағы тоннадан асады.

Lolong қолтырауыны. ©24smi.org

Ең алып қолтырауын деп Sarcosuchus imperator. Бұл түрдегі қолтырауындар Африкада 110 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Соңғы  қалдықтары Сахара шөлінен табылған. Ғалымдардың пікірінше, 50-60 жыл ішінде қолтырауындардың ұзындығы 11-12 метрге, салмағы 8 тоннаға дейін жетеді.

1
Рейтинг: +0

Фото: gon.com
Қосылған күні: 09 қыркүйек, 15:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.