Үндістан өз құрылғысын Айға қондыра алмады

Үндістан өз құрылғысын Айға қондыра алмады

Үндістанның Vikram ("Викрам") құрылғысы Айға қонатын уақытта Жермен арадағы байланыс үзіліп кеткен. Бұл туралы Үндістан ғарыш агенттігі мәлімдеді.

Vikram-мен арадағы байланыс модуль Айға қонуға 5 шақырым қалғанда кенеттен үзілген. Аталған модульдің міндеті Ай бетіне салмағы 27 келілік Pragyan ("Прагьян") атты алты дөңгелекті луноходты жеткізу болған.

Chandrayaan 2 миссиясы Үндістан Ай бағдарламасының жалғасы саналады. Chandrayaan 2 жобасының құны 125 миллион доллар шамасында.

КСРО ғарышкерлері Айға неге ұшпады?

Еске сала кетейік, 2008 жылғы 14 қарашада Айдың оңтүстік полюсінде орналасқан Шэклтон кратеріне Chandrayaan 1 сәтсіз қонуды жүзеге асырған. Қатты соққының салдарынан зонд 312 күн жұмыс істеп, 2009 жылы 29 тамызда онымен арадағы байланыс үзілген болатын.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар