Ресейдің ең ірі әуекомпанияларының бірі – S7 Airlines Сібірдегі өртеніп кеткен талдардың орнын толтыру үшін қайрымдылық ұйымдастырып жатыр. Әуеакомпанияның мақсаты – Сібірге қайтадан 1 миллион ағаш отырғызу үшін қаражат жинау, деп жазды әуеакомпания facebook-тегі парақшасына.
S7 Airlines Сібірдегі бағыттар бойынша әуеакомпания сайты немесе мобильді қосымша арқылы сатылған әр билеттен ағаш отырғызу үшін 100 рубль бөледі. Компания сайтында 100 рубльден бастап кез келген сомада қайрымдылық қорына ақша аударуға мүмкіндік жасалған.
Сол үшін S7 Airlines әуекомпаниясы бұрынғы атауы – "Сібір әуе жолдары" брендін уақытша қалпына келтірген. Көзделген соманы жинағаннан кейін ғана олар S7 Airlines брендіне оралады.
"Сібір – біздің әуекомпаниямыздың отаны. Біз аймақтағы экологиялық проблемалардан аулақ бола алмаймыз. Орман өрттері 3 миллион гектардан астам аумақты қамтыды. Жақында жағдай өзгереді деп үміттенеміз. Бірақ біз жаңа ормандарды құру және қорғау жұмыстарын қолдау қажет деп санаймыз", - дейді әуекомпания.
Еске сала кетейік, Ресейдің Сібір аймағында 26 шілдеде алапат өрт басталды. 31 шілдедегі деректер бойынша, 3 миллион гектарға жуық жер өртеніп кеткен. Тілсіз жау әлі ауыздықталған жоқ. Өрттің түтіні Қазақстанның 7 облысында байқалды.