Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Деген екен... Ұмытшақ ғалым – Норберт Виннер

Деген екен... Ұмытшақ ғалым – Норберт Виннер

Деген екен... Ұмытшақ ғалым – Норберт Виннер

Норберт Виннер деген "кибернетиканың атасы" бар. Жебірей. Америкада өмір сүрген. Оның ғаламат ұмытшақ һәм жаңғалақ мінезін замандастары талмай қылжақ еткенге ұқсайды.

Норбекең жәйлі адам сенгісіз бір оқиға былай болған көрінеді: Бірде, Виннердің отбасы жаңа пәтерге көшіп барған бетте, әйелі оның әмиянына жаңа үйлерінің мекен-жайы жазылған тілдей қағазды ықтияттап салып қояды. Үнемі ой үстінде жүретін ұмытшақ күйеуі кешкісін адасып кетпесін деген ғой...

Содан, жаңғалақ Норберт көшеде ойланып келе жатқанда, басына ғаламат идея сарт етіп келе қалады да, әмиянында жатқан бір жапырақ қағазға сойдақтатып бір формулаларды жазып тастайды. Шамалы жүргеннен кейін, әлгі ойының түкке тұрмайтынына көзі жетіп, формула жазылған қағазды умаждап, қоқыс жәшігіне атып ұрған.

Кешкісін, жұмыстан шыға сала үйіне алып-ұшып жеткен Норбекең қаңырап тұрған ескі пәтеріне кіріп келеді де, төбесінен жай түскендей есеңгіреп отырып қалады. Аңғал-саңғалы шыққан бос үйдің бөлмелерін кезген сайын, есі шығыпты, байғұстың...

Мең-зең болып далаға шыққан ғалым, аулада тұрған бір кішкене қызға таяп келіп, мұңын шаға бастайды.

– Кешіріңіз! Мен профессор Виннер деген боламын. Бұрын осы үйде тұрғанмын. Алайда, біз басқа жаққа көшіп кеткенге ұқсаймыз, ол жайында бір хабар білесіз бе? - дейді, аянышты үнмен.
Сонда қарияны мұқият тыңдаған кішкене қыз:
– Иә, әке, шешем сіздің дәп осылай адасып кететініңізді біліп, мені осында жұмсаған еді! - деген екен...

Қанат Ескендір

0
Рейтинг: +0

Фото: IsraLove
Қосылған күні: 01 тамыз, 11:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.