Ең қауіпсіз елдер: Қазақстан нешінші орында?

Ең қауіпсіз елдер: Қазақстан нешінші орында?
Фото: Tripway.com

Global Peace Index әлемдегі ең қауіпсіз және ең қауіпті елдер тізімін жариялады. Тізімде ең қауіпсіз ел – Исландия деп танылған. Ал ең қауіпті ел деп – Ауғанстан. Осыған дейін ең қауіпті ел Сирия болатын. Ал, Сирия биыл бір орынға көтеріліп 162-орыннан көрінген.

Ең қауіпсіз елдер ондығына Исландиядан бөлек, Жаңа Зеландия, Португалия, Аустрия, Дания, Канада, Сингапур, Словения, Жапония және Чехия енген. Ал ең қауіпті елдер ондығына Ауғанстаннан бөлек, Ресей, Конго Демократиялық Республикасы, Сомали, Ирак, Иемен, Оңтүстік Судан және Сирия енген. 

Қазақстан қауіпсіз елдер тізімінде 64-орында тұр. Орта Азия елдерінің ішінде Түркменстан 115-орында, Тәжікстан 105-орында, Өзбекстан 102-орында және Қырғыстан 95-орында. 

Айта кетейік, Global Peace Index – 2007 жылдан бері Экономика және бейбітшілік институтының (ІЕР) әлеуметтанушылары мен экономистері жасайтын рейтинг.

Т. Раушанұлы