Әлем елдерін қандай мәселе мазалайды?

Әлем елдерін қандай мәселе мазалайды?
Фото: freepik.com

Ipsos What Worries the World зерттеу жұмысы бойынша, сауалнама қатысқан 28 мемлекеттің тұрғындарының басым бөлігі өз елдерінің ұстанған бағыттары дұрыс еместігін алға тартқан. Орташа көрсеткіш 58% болса, өз болашақтарына уайымдайтын елдердің көшін Оңтүстік Африка (77%), Франция (77%), Испания (76%), Түркия (74%) мен Бельгия (74%) бастап тұр.

Сауалнамаға 65 жасқа дейінгі адамдар онлайн түрде жауап берген.

Қытай (94%) өздерінің ұстанған бағыттарының дұрыстығына еш күмән келтірмеген. Ал, екінші орынға Сауд Арабиясы (84%) жайғасса, үштікті Үндістан (73%)  аяқтайды.
Қаржы және саяси жемқорлық (34%), кедейлік пен әлеуметтік теңсіздік (34%), жұмыссыздық (33%), қылмыс пен зорлық (31%), денсаулық сақтау (24%) мәселелері бүгінде жаһан бойынша басты орындарға іліккен.

Т. Есқали