Forbes ең жас миллиардерлер тізімін жариялады

Forbes ең жас миллиардерлер тізімін жариялады
Фото: sg.finance.yahoo.com

Forbes басылымы 5 наурыз күні 2019 жылдағы ең бай адамдар рейтингін жариялаған болатын. Биылғы рейтингтің қорытындысы бойынша 21 жастағы Кайли Дженнер ең жас миллиардер атанғанын жазған едік.

Сонымен бірге, ол ең жас миллиардер атанып қана қоймай тарихтағы ең жас self-made (өз байлығына өзі жеткен, өз кәсібін өзі ашқан) атанып, Марк Цукербергтің рекордын жаңалады. Цукерберг миллиардерге айналған кезінде 23 жаста болған.

Дженерден кейінгі орындарды апалы-сіңлілі Андресендер – Александра (22 жаста) мен Катарина (23 жаста) иеленді. Бірақ олар 1778 жылы негізі қаланған отбасылық бизнеске мұрагерлік ететіндігі себепті self-made қатарына кірген жоқ. Олардың байлығы 1,4 миллардқа бағаланған.

Жалпы, 30 жасқа дейін миллардер атанған 8 биснесменнің 3-еуі қазіргі қаржыларын 0-ден бастап өздері жинағандар – Дженерден басқа Stripe негізін қалаушылардың бірі Джон Коллисон және Snapchat-тың негізін қалаушы Эван Шпигель. Екеуінің де байлығын Forbes 2,1 миллиард доллар деп бағалаған.

Ең жас миллардерлер тізімі – 2019 жыл

• Кайли Дженнер жасы 21-де, кәсібі Kylie Cosmetics,1 миллиард доллар АҚШ;
• Александра Андресен 22 жаста, кәсібі Ferd, 1,4 миллиард доллар, Норвегия;
• Катарина Андресен, 23 жаста, кәсібі Ferd, 1,4 миллиард доллар, Норвегия;
• Густав Магнар Витзё, 24 жаста, кәсібі SalMar, 3 миллиард доллар, Норвегия;
• Джон Коллисон, 28 жаста, кәсібі Stripe, 2,1 миллиард доллар; Ирландия;
• Эван Шпигель, 28 жаста, кәсібі Snapchat, 2,1 миллиард доллар, АҚШ;
• Людвиг Теодор Браун, 28 жаста, кәсібі B. Braun Melsungen, Германия
• Анна Каспржак, 29 жаста, кәсібі ECC, 1 миллиард доллар, Дания.

Еске сала кетейік, Forbes-тің биылғы рейтингінде түсті металл қазып алу және қайта өңдеу жұмыстарымен айналысатын KAZ Minerals компаниясының ірі акционері, басшы әрі кәсіпкер – Владимир Ким Қазақстан Республикасының ең бай адамы атанғанын жазған едік.

Т. Раушанұлы