АҚШ-тағы ең қымбат үй сатылды

АҚШ-тағы ең қымбат үй сатылды
Фото: CubaLlama.com

Нью-Йорктың қақ ортасында орналасқан 4 қабатты пэнтхаус өз иесін тапты. Оны 50 жастағы америкалық магнат Кеннет Гриффин сатып алды.

Citade инвестициялық қорының негізін қалаушы жаңа үйіне $238 миллион шығындады. Бұл АҚШ тарихында ең қымбатқа бағаланған пентхаус, - деп жазады The Wall Street Journal басылымы.

Үйдің жалпы ауданы 2230 квадрат метрді құрайды екен. 4 қабатты пентхаус жетінші және сегізінші авенью арасындағы 79 қабатты үйден орын тепкен. Ал зәулім ғимараттың құрылысы әлі жалғасып жатыр екен.

Осыған дейін жылжымайтын мүлік бойынша рекорд менеджер Барри Розенштейн еншісінде болатын. Ол осыдан 5 жыл бұрын Лонг-Айлендтегі үйін 137 миллион долларға сатып алған еді.

Н. Үсенова