Пасха аралындағы - 900-ден артық мүсіндер осы күнге дейін ғаламның ашылмаған сырларының бірі. Алайда оның жұмбағы қарапайым және оңай шешілді. АҚШ-тағы Бингемтон университеті ғалымдары тас мүсіндердің сырын ашты. Олардың айтуынша, ежелгі мүсіндер жергілікті тайпалардың сиынуы үшін емес, тұщы су бар жерлерге белгі ретінде қойылған екен.
Пасха аралы Рапа-Нуи және Исла де Паскуа деген атпен таныс. Ол Тынық мұхитының оңтүстік-шығыс бөлігінде полинезиялық аралдың жарты аймағында орналасқан. Оның әйгілілігі Рапануи жұрты жасаған көлемді ірі мүсіндерімен байланысты.
Қазіргі уақытта басты мүсін Рана Паракуда жерінде, ал қалған ескерткіш тастары аралға тас платформасы ретінде орналастырылған. Ғалымдар зерттеу барысында мүсіндерді жай топырақ бетінде орныққан деп есептеп келген. Кейін бірнеше тас ескерткіштерінің бүкіл қол-аяғы дене мүшесімен жалғасатынын анықтады.
«PLOS» журналының жазуынша, аралдағы гидрология құрылысын зерттеу кезінде ғалымдар барлық тұщы су бұлақтары басында осындай мүсіндер қойылғанын анықтаған. Немесе керісінше мүсін бар жерлерде бұлақ көздері болған.
Бұрын Пасха аралында ішуге жарамды су жоқ деп, аралға барушылар өздерімен бірге су ала барған екен. Тұщы су аралда өмір сүрген бағзы полинезиялықтармен бірге жойылып кеткен.
Әйтсе де, Пасха аралының әлі көптеген құпия сырлары ашыла қоймағаны белгілі. 2011 жылы зерттеушілер жергілікті жерден адамдардың қартаю үрдісін өзгертетін зат тапқан. Ол рапамицин деп аталады. Оған адамдар «Мәңгі жастықтың сиқырлы сусыны» деп ат қойған. Бұл препаратты іс жүзінде адамға қолданған сәтте ғалымдар рапамициннің денедегі зақымдалған жасушаларды жойып, сау жасушаларға әсер етпейтіндігін байқаған.