Патшайым Елизавета II киімдерінің көрмесі өткізіледі

Патшайым Елизавета II киімдерінің көрмесі өткізіледі
Фото: imperor.net

Ұлыбритания патшайымы Екінші Елизаветаның 90 жылдығын атап өтуге қызу дайындалуда.

Бұл мерейтойға арналған шаралар аясында патшайымның киген киімдері көрмеге шығарылып, қарапайым халықтың көзайымына айналады.

Көрмеге мәртебелі монархтың ресми қабылдаулар мен түрлі кештерге киген 150 көйлегі қойылады. Мұнымен қоса, Патшайымның сөмкелері мен әшекейлік бұйымдарын да көруге болады.

Көрме Шотландиядағы Холируд зәулім сарайында келер жылдың 21 сәуірінде өтетін болады.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы