Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Нью- Йорктегі "Бостандық" мүсіні

Нью- Йорктегі "Бостандық" мүсіні

Нью- Йорктегі

Жер шарындағы кез келген елде миллиондаған туристердің назарын аудартатын ерекше ғимраттар немесе көне және замануи ескерткіштер бар. Сондай ескерткіштердің бірі әрі бірегейі – әлемнің ең бай қаласы саналатын Нью-Йорктегі атақты «Бостандық» мүсіні.

Мүсін АҚШ-тың нышаны болып табылады. Оны кейде әлем халықтары бостандық пен демократияның нышаны ретінде танып жатады.

Француз мүсіншісі Фредерик Огюст Бартольдидің жұмысы бастапқыда «Әлемді нұрландыратын бостандық» деп аталғанымен, қалың жұртшылық арасында мүсінді «Леди Либерти» деп атау дәстүрі қалыптасқан.

Ескерткіш Нью-Йорктің Манхеттен жақ бөлігіндегі Бостандық аралында орналасқан. Мүсін орналасқан орынды Фредерик Огюст Бартольдидің өзі таңдаған. Бұған дейін, яғни XIX  ғасырдың басына дейін бұл орында бес жұлдызды қорған тұрған көрінеді.

Аталған ескерткішті 1876 жылы Франция АҚШ-тың тәуелсіздік Декларациясына жүз жыл толған мерейтойына арнап сыйға тартқанымен, оның салтанатты ашылу шарасы тек он жылдан кейін, яғни 1886 жылы өткен екен. Былтырғы жылы мүсінің 125 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтті.

Салмағы 30 тонналық алып мүсінді Нью-Йоркке жеткізу үшін оны 350 бөлшекке бөлуге тура келген.

Көз алдыңыздағы ”Бостандық құдайы” бір  қолына алау, бір қолына “JULY IV MDCCLXXVI” деген жазуы бар кітапша ұстаған. Бұл белгі АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясына қол қойылған күнді бейнелейді (1776 жыл, 4 шілде).

Мүсіннің биіктігі 50 метр шамасында болғанымен, құрылыстың жалпы ұзындығы 100 метрді құрайды. Ескерткіш  толығымен жезден соғылған. Мүсіннің басындағы тәжге қазба байлықтар мен асыл тастардың және әлемді нұрландыратын көк сәулесінің нышаны ретінде 25 терезе орналастырылған. Тәждегі келесі бір жеті сәуле - жеті өзеннің  және жеті құрлықтың белгісі. Сондай-ақ мүсін орнатылған іргетастың ішінде таңқаларлық мұражай бар.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Суреттер: sonorth.com, magicwall.ru, prirodadi.ru, obzormirov.ru, sonorth.com

11924 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 маусым 2012, 14:04
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев