- Негізгі бет
- Әлемтану
- Нью- Йорктегі "Бостандық"...
Нью- Йорктегі "Бостандық" мүсіні
Жер шарындағы кез келген елде миллиондаған туристердің назарын аудартатын ерекше ғимраттар немесе көне және замануи ескерткіштер бар. Сондай ескерткіштердің бірі әрі бірегейі – әлемнің ең бай қаласы саналатын Нью-Йорктегі атақты «Бостандық» мүсіні.
Мүсін АҚШ-тың нышаны болып табылады. Оны кейде әлем халықтары бостандық пен демократияның нышаны ретінде танып жатады.
Француз мүсіншісі Фредерик Огюст Бартольдидің жұмысы бастапқыда «Әлемді нұрландыратын бостандық» деп аталғанымен, қалың жұртшылық арасында мүсінді «Леди Либерти» деп атау дәстүрі қалыптасқан.
Ескерткіш Нью-Йорктің Манхеттен жақ бөлігіндегі Бостандық аралында орналасқан. Мүсін орналасқан орынды Фредерик Огюст Бартольдидің өзі таңдаған. Бұған дейін, яғни XIX ғасырдың басына дейін бұл орында бес жұлдызды қорған тұрған көрінеді.
Аталған ескерткішті 1876 жылы Франция АҚШ-тың тәуелсіздік Декларациясына жүз жыл толған мерейтойына арнап сыйға тартқанымен, оның салтанатты ашылу шарасы тек он жылдан кейін, яғни 1886 жылы өткен екен. Былтырғы жылы мүсінің 125 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтті.
Салмағы 30 тонналық алып мүсінді Нью-Йоркке жеткізу үшін оны 350 бөлшекке бөлуге тура келген.
Көз алдыңыздағы ”Бостандық құдайы” бір қолына алау, бір қолына “JULY IV MDCCLXXVI” деген жазуы бар кітапша ұстаған. Бұл белгі АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясына қол қойылған күнді бейнелейді (1776 жыл, 4 шілде).
Мүсіннің биіктігі 50 метр шамасында болғанымен, құрылыстың жалпы ұзындығы 100 метрді құрайды. Ескерткіш толығымен жезден соғылған. Мүсіннің басындағы тәжге қазба байлықтар мен асыл тастардың және әлемді нұрландыратын көк сәулесінің нышаны ретінде 25 терезе орналастырылған. Тәждегі келесі бір жеті сәуле - жеті өзеннің және жеті құрлықтың белгісі. Сондай-ақ мүсін орнатылған іргетастың ішінде таңқаларлық мұражай бар.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Суреттер: sonorth.com, magicwall.ru, prirodadi.ru, obzormirov.ru, sonorth.com